"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабына және "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия мақұлдаған жалпы сомасы 972 297 693 (тоғыз жүз жетпіс екі миллион екі жүз тоқсан жеті мың алты жүз тоқсан үш) теңгелік тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдындағы кредиторлық берешекті шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төлемдері бойынша, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша 529 988 800 (без жүз жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасындағы;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша 36 432 900 (отыз алты миллион төрт жүз отыз екі мың тоғыз жүз) теңге сомасындағы;
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы бойынша 1 971 000 (бір миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың) теңге сомасындағы;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі бойынша 403 904 993 (төрт жүз үш миллион тоғыз жүз төрт мың тоғыз жүз тоқсан үш) теңге сомасындағы, оның ішінде:
а) азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру бойынша 149 402 039 (жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз екі мың отыз тоғыз) теңге сомасындағы;
б) таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген "Қазавтодор" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша, облыстар бойынша жалпы сомасы 254 502 954 (екі жүз елу төрт миллион бес жүз екі мың тоғыз жүз елу төрт) теңгелік берешекті өтеу есебінен өтеу туралы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда көрсетілген кредиторлық берешекті өтеу бойынша "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген тәртіппен есептеме
жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.А.Өтембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.