Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N  1154 , 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N  1154   қаулысымен .
      2. "Қазақстан Республикасында оқушы жастарды стипендиялық және материалдық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 920  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 213-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң     
1999 жылғы 10 желтоқсандағы        
N 1903 қаулысымен             
бекiтiлген                

  Білiм беру ұйымдарында оқитындардың
жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды
тағайындау мен төлеудiң ережесі

       Ескерту. Тақырыбындағы және мәтiндегi "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың", "бiлiм беру ұйымдарында оқитын", "бiлiм беру ұйымдарында оқитындар" деген сөздердің алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N  1154 , тақырыбына өзгеріс енгізілді - 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеу ереже (бұдан әрi - ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.  
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N  1254   қаулысымен .  
      3. Мемлекеттік бiлiм тапсырысы (гранты) негiзiнде бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш бiлiм беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттiк стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:
      1) бастауыш, орта, кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитын жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар (оқушылар мен студенттер); <*>
      2) орта кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (оқушылар); 
      3) жоғары кәсiптiк бiлім беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитындар (студенттер); 
      4) жоғары оқу орынынан кейiн кәсiптiк бiлiм беретiн білім беру ұйымдарында оқитындар (магистранттар, интерндер, аспиранттар, клиникалық ординаторлар, докторанттар); 
      5) жоғарғы кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының дайындық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары болып табылатындар (тыңдаушылар).
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N  1254 , 2004.03.05. N  286 , 2004.11.05. N  1154   қаулыларымен .
      4. Ереже тағайындалуы мен төленуi Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелетiн, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған атаулы стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбiне қолданылмайды.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.   

  2. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша 
бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың мемлекеттiк 
стипендияларының мөлшерi

       5. Студенттерге төленетiн ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшерi 6434 теңге мөлшерiнде, интерндерге 11652 теңге мөлшерiнде белгiленедi. <*>
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N  1254 ,   2004.03.05. N  286 , 2005.05.13. N  453 , 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.   
      6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады. <*>
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N  286  қаулысымен
      7. Білім беру тапсырысы немесе гранты негізiнде бiлiм беру ұйымдарына қабылданған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға келесi семестрлерге стипендия алдыңғы семестр үшiн емтихандық сессияның қорытындысы бойынша тағайындалады және төленедi. <*>
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N  286 , 2004.11.05. N  1154   қаулыларымен .  
      8. Магистранттарға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы деңгейiнде белгіленедi. 
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.13. N  453  қаулысымен.
      9. Тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерi студенттердiң мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 85 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. 
      10. Мемлекеттік тапсырыс негiзiнде оқитын оқушыларға мемлекеттiк стипендия студенттердiң мемлекеттік стипендиясының 80 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. 
      11. Мемлекеттік тапсырыс негізiнде оқитын клиникалық ординаторларға және денсаулық сақтау магистранттарына мемлекеттік стипендия мөлшерi мемлекеттiк медициналық ұйымның екiншi біліктiлiк санатындағы дәрiгердiң мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi. <*>
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.21. N  473 , 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.   
      12. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын аспиранттарға ай сайынғы мемлекеттiк стипендия мөлшерi мемлекеттік ғылыми ұйымның мамандығы бойынша 1 жылға дейiнгi жұмыс стажы бар кiші ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленедi. 
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N  770   қаулысымен.
     13. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде оқитын докторанттарға мемлекеттiк стипендия, жоғары кәсiптiк бiлім беретiн мемлекеттiк білім беру ұйымының мамандығы бойынша 9 жылдан 11 жылға дейiнгi стажы бар доцентiнiң лауазымдық жалақысынан аспайтын, алатын лауазымдық жалақысы мөлшерiнде белгіленедi. 
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 шілдедегі N  770   қаулысымен.
     14. <*>
      Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N  1254   қаулысымен. 

  3. Мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша
оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
стипендияларының мөлшері

      15. Мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендия осы Ережеге қосымшаға сәйкес көлемде көбейтiледi. 
       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      16. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қамқорлығындағы студенттерге магистранттар мен оқушыларға мемлекеттiк стипендия тиiсiнше студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерiнiң 50 (елу) пайызы мөлшерiнде белгiленедi. 
      17. Медициналық қорытындының негiзiнде академиялық демалыста жүрген студенттерге магистранттар мен оқушыларға академиялық демалыс кезiнде мемлекеттiк стипендия студенттердiң, магистранттар мен оқушылардың мемлекеттiк стипендиясы мөлшерiнiң 50 пайызы (мүгедектерге - 75%-i) мөлшерiнде белгiленедi. 
      Туберкулезбен ауыратын, мемлекеттiк стипендия алатын адамдарға олардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы денсаулық сақтау органдарының тиiстi қорытындылары болған жағдайда, мемлекеттiк стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшiн олар ауырғанға дейiн алып келген мөлшерде белгiленедi және төленедi, бiрақ еңбекке жарамсыздық пайда болған күннен бастап 10 айдан аспайды. 
      18. Зейнетақы алатын студенттерге, магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендия жалпы негiзде тағайындалады және төленедi. 

  4. Мемлекеттiк стипендияларды тағайындау
мен төлеудiң тәртiбi

       19. Мемлекеттiк стипендия мемлекеттiк тапсырыс (грант) бойынша оқитын, бiлiмдi бақылаудың барлық нысандарын қоса алғанда, емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағалар алған студенттерге, магистранттарға, интерндерге емтихандық сессиядан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап тағайындалады және ай сайын төленедi. 
      Жоғары оқу орындарының студенттерi, магистранттары, интерндерi, бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының оқушылары болып табылатын барлық үлгерушi (емтихандық сессияның нәтижелерi бойынша қарызы немесе аралық аттестацияның нәтижелерi бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ) жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттiк стипендия тағайындалады. 
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 
2000.08.12. N  1254  қаулысымен.  
      20. Аспиранттарға, докторанттарға, клиникалық ординаторларға және тыңдаушыларға мемлекеттік стипендия оқудың бүкiл мерзiмiне тағайындалады және ай сайын төленiп тұрады. 
      21. Жазғы сессияның қорытындылары бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия жазғы каникул кезеңi үшiн несиенiң ашылуына қарай екi ай үшiн (шiлде-тамыз) жинақталып төленедi. 
      22. Сынақтар мен емтихандарды жалпы белгiленген мерзiмде дәлелдi себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зiлзала) тапсыра алмаған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға бiлiм беру ұйымының басшылығы тапсыруға жеке уақыт белгiлейдi, содан кейiн стипендия жалпы негізде тағайындалады.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N  1154   қаулысымен .   
      23. Жалақы төленетiн жұмыс орындарында және қызметтерде өндiрiстiк практика, жаздық каникул кезеңiнде, сондай-ақ жұмыс кезеңiнде стипендиаттар үшiн жалпы негізде стипендия алу құқығы сақталады. 
      24. Бiр оқу орнынан басқасына, бiр оқу орнының бiр мамандығынан екiншiсiне ауыстырылған студенттерге, магистранттар мен оқушыларға стипендия, оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейiн, жалпы негізде тағайындалады және төленедi.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N  1154   қаулысымен.  
      25. Академиялық демалыста болу кезiнде, осы Ереженiң 17-тармағын қоспағанда, мемлекеттiк стипендия төленбейдi. Академиялық демалыстан келген студенттерге магистранттарға, оқушыларға мемлекеттiк стипендияны тағайындау мен төлеу алдағы (кезектi) сессияның қорытындылары бойынша белгiленген тәртiппен тағайындалады және төленедi. Сырқатына байланысты екiншi оқу жылына қалдырылған студенттерге, магистранттарға, оқушыларға стипендия кезектi емтихандық сессияның нәтижелерiне дейiн жалпы негiзде тағайындалады және төленедi. 
       Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      26. Жүктiлiгiне және босануына байланысты демалысы кезiнде студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, докторанттарға және оқушыларға стипендия заңдарда белгiленген бүкiл мерзiм iшiнде толық мөлшерде төленедi. <*>
     Академиялық демалыс кезiнде жүктiлiгi бойынша еңбекке жарамсыздығы туралы бiрыңғай үлгiдегi анықтама тапсырылған кезде академиялық демалыс үзілуге және жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс ресiмделуi тиiс.
     Студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар және оқушылар сәбиге қарауына байланысты ол 1,5 жасқа толғанға дейiн академиялық демалыста болған жағдайда, стипендия төленбейдi. <*>
     Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N  1254 , 2004.03.05. N  286  қаулыларымен.   

  5. Қорытынды ережелер

      27. Мемлекеттiк стипендиялар:
     1) оқитындар мемлекеттiк бiлiм беру ұйымынан шығарылған жағдайда, шығарылу себебiне қарамастан;
     2) оқитындар қайтыс болған жағдайда;
     3)  алынып тасталды ;
     4) оқуды бiтiргеннен кейiн, оқуды бiтiргенi туралы бұйрық шыққан күннен бастап төленбейдi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N  1154   қаулысымен.
     28. Мемлекеттiк стипендия төлеудi тоқтату бiлiм беру ұйымы басшысының тиiстi бұйрығы шығуымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N  1154   қаулысымен.

                               Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                               "Білім беру ұйымдарында оқитындардың
                                жекелеген санаттарына мемлекеттік
                                  стипендияларды тағайындау мен
                                     төлеудің тәртібі туралы"       
                                    1999 жылғы 10 желтоқсандағы   
                                    N 1903 қаулысымен бекітілген
                                        ережеге қосымша

        Стипендия алуға құқығы бар мемлекеттік тапсырыс
         немесе грант бойынша білім беру ұйымдарында
        оқитындардың жекелеген санаттарының мемлекеттік
                стипендиясына үстеменің мөлшері

       Ескерту. Қосымшаның атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.05. N  1154 , 2005.05.26. N  515  (2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

_________________________________________________________________
р/с      Стипендия алушылардың тізбесі       Пайызға шаққандағы
                                             үстеменің мөлшері
_________________________________________________________________
     1  Жоғары кәсіптік оқу орындарының зағип
        немесе мылқау-керең студенттеріне, 
        магистранттарына, орта кәсіптік оқу            75
        орындарының оқушыларына
        Соғыс қимылдары немесе өзге де әскери
        қызмет міндеттерін атқару кезінде, 
        Чернобыль АЭС-дағы апат пен басқа да
        радиациялық апаттардың және азаматтық
        немесе әскери мақсаттағы объектілердегі
        авариялардың, ядролық қаруды сынаудың
        зардабынан немесе мүгедектігі радиацияға
        ұшыраған ата-анасының біреуімен генетикалық
        байланыста болғандығынан жаралануы, контузия
        алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан
        мүгедек болып болып қалған студенттерге, 
        жоғары кәсіптік оқу орындарының магистранттарына, 
        орта кәсіби оқу орындарының оқушыларына             50

  2     Жетімдер мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
        қалған, бірақ азаматтардың қарауында
        (қамқорлығында) жүрген балалар қатарындағы
        студенттерге, жоғары кәсіптік оқу орындарының
        магистранттарына, орта кәсіптік оқу 
        орындарының оқушыларына                             30

  3     Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы
        тағайындалған, алайда Қазақстан Республикасы
        Президентінің шешімдерінде стипендия мөлшері
        көрсетілмеген студенттер мен жоғары кәсіптік        100
        оқу орындарының магистранттарына

  4     Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен,
        егер аталған шешімдерде стипендияның мөлшері 
        көрсетілмесе, аса көрнекті ғылым мен мәдениет
        қайраткерлері атындағы стипендиялар алатын
        студенттерге, жоғары кәсіптік оқу орындарының
        магистранттарына, орта кәсіптік оқу орындарының     45
        оқушыларына

  5     Қазақстан Республикасы Президентінің
        стипендиялары мен атаулы стипендиялар алатындардан
        басқа, емтихандық сессияның нәтижелері бойынша
        тек "өте жақсы" деген баға алған студенттерге,
        жоғары кәсіптік оқу орындарының магистранттарына,   15
        орта кәсіптік оқу орындарының оқушыларына
__________________________________________________________________

     Ескерту.
     Қосымшада көзделген үстемелер стипендияның бастапқы мөлшері бойынша жүргізіледі (басқа арттырулар есепке алынусыз).

Об утверждении Правил назначения и выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года N 1903. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года N 116.

       Сноска. Постановление Правительства РК от 10 декабря 1999 года N 1903 утратило силу постановлением Правительства РК от 7 февраля 2008 года  N 116  (вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию).

       Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  ; от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

      

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения и выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования.  <*>
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  ; от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 1997 года N 920  P970920_  "О стипендиальном и материальном обеспечении учащейся молодежи в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 24, ст. 213). 
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан

 

Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 10 декабря 1999 года N 1903

      

  Правила
назначения и выплаты государственных 
стипендий отдельным категориям обучающихся в 
организациях образования  <*>

      Сноска. В заголов ке  и тексте после слов "обучающихся в", "обучающиеся в", "обучающегося из" слова "государственных", "государственной" исключены - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  ; от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

  1. Общие положения  

      1. Правила назначения и выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования (далее - Инструкция) разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании".  <*>
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).
      2.  (Пункт 2 исключен - постановлением Правительства РК от 12 августа 2000 г.  N 1254   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.)  

      3. К отдельным категориям обучающихся на дневных отделениях в организациях образования на основании государственного образовательного заказа (гранта), а также в учреждениях, предоставляющих начальное профессиональное образование, которым назначаются и выплачиваются государственные стипендии, относятся:
      1) обучающиеся в организациях образования, предоставляющих начальное профессиональное, среднее профессиональное и высшее профессиональное образование, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей (учащиеся и студенты); 
      2) обучающиеся в организациях образования, предоставляющих среднее профессиональное образование (учащиеся); 
      3) обучающиеся в организациях образования, предоставляющих высшее профессиональное образование (студенты); 
      4) обучающиеся в организациях образования, предоставляющих послевузовское профессиональное образование (магистранты, интерны, аспиранты, клинические ординаторы, докторанты); 
      5) являющиеся слушателями подготовительных отделений организаций образования, предоставляющих высшее профессиональное образование (слушатели). 
       Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 12 августа 2000 г. N 1254   P001254_   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.); от 5 марта 2004 г.  N 286   (вступает в силу с 1 января 2004 г.);  от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      4. Правила не распространяются на порядок назначения и выплаты стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан, а также именных стипендий, учрежденных Правительством Республики Казахстан, порядок назначения и выплаты которых регулируются нормативными правовыми актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.  <*>
       Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

  2. Размеры государственных стипендий
обучающихся в организациях образования по
государственному заказу или гранту 

      5. Размер ежемесячной государственной стипендии студентам определяется в размере 6434 тенге, интернам в размере 11652 тенге.  <*>
       Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 12 августа 2000 г. N 1254   P001254_   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.); от 5 марта 2004 г.  N 286   (вступает в силу с 1 января 2004 г.); от 13 мая 2005 г.  N 453  (вводится в действие с 1 января 2005 г.); от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

      6. Всем студентам, зачисленным на первый курс, и магистрантам на первый год обучения на основании государственного образовательного гранта, а также всем учащимся, зачисленным на первый курс на основании государственного образовательного заказа, в первом семестре назначается государственная стипендия.  <*>
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 марта 2004 г.  N 286   (вступает в силу с 1 января 2004 г.).

      7. Государственная стипендия на следующие семестры студентам, магистрантам и учащимся, зачисленным в организации образования на основании государственного образовательного заказа или гранта, назначается и выплачивается по итогам экзаменационной сессии за предыдущий семестр.  <*>
      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 марта 2004 г.  N 286   (вступает в силу с 1 января 2004 г.); от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      8. Магистрантам размер государственной стипендии устанавливается на уровне государственной стипендии студентов.  <*>
       Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 13 мая 2005 г.  N 453  (вводится в действие с 1 января 2005 г.).       

      9. Слушателям размер государственной стипендии устанавливается в размере 85 процентов от размера государственной стипендии студентов. 

      10. Государственная стипендия учащимся, обучающимся на основании государственного заказа, устанавливается в размере 80 процентов от размера государственной стипендии студентов. 

      11. Клиническим ординаторам и магистрантам здравоохранения, обучающимся на основе государственного заказа, размер государственной стипендии устанавливается на уровне должностного оклада врача второй квалификационной категории государственной медицинской организации со стажем работы по специальности от 3 до 5 лет.  <*>
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 21 мая 2003 г.  N 473  ; от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

      12. Аспирантам, обучающимся на основе государственного заказа, размер ежемесячной государственной стипендии устанавливается на уровне должностного оклада младшего научного сотрудника государственной научной организации со стажем работы по специальности до 1 года. 
       Сноска. Пункт 12 с дополнениями - постановлением Правительства РК от 12 июля 2002 года  N 770  .  

      13. Докторантам, обучающимся на основе государственного заказа, государственная стипендия устанавливается в размере получаемого должностного оклада, но не более должностного оклада доцента государственной организации образования, предоставляющей высшее профессиональное образование со стажем работы по специальности от 9 до 11 лет. 
       Сноска. Пункт 13 с дополнениями - постановлением Правительства РК от 12 июля 2002 года  N 770   .  
      14.  (Пункт 14 исключен - постановлением Правительства РК от 12 августа 2000 г.  N 1254   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.) 

  3. Размеры государственных стипендий отдельных
категорий обучающихся по государственному
заказу или гранту

      15. Отдельным категориям обучающихся в организациях образования по государственному заказу или гранту государственная стипендия увеличивается в размерах согласно приложению к настоящим Правилам.  <*>
       Сноска. В пункт 15 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

      16. Студентам, магистрантам и учащимся, состоящим в соответствии с законодательством Республики Казахстан на государственном обеспечении, государственная стипендия устанавливается в размере 50 (пятьдесят) процентов от размера государственной стипендии соответственно студентов, магистрантов и учащихся. 

      17. Студентам, магистрантам и учащимся, находящимся в академическом отпуске на основании медицинского заключения на время академического отпуска государственная стипендия устанавливается в размере 50 процентов (инвалидам - 75%) от размера государственной стипендии студентов, магистрантов и учащихся. 

      Лицам, получающим государственную стипендию, больным туберкулезом, при наличии соответствующих заключений органов здравоохранения об их временной нетрудоспособности, государственная стипендия устанавливается и выплачивается за период нетрудоспособности, но не более 10 месяцев со дня наступления нетрудоспособности в получаемых ими до болезни размерах. 

      18. Студентам, магистрантам, учащимся, получающим пенсию, государственная стипендия назначается и выплачивается на общих основаниях. 

  4. Порядок назначения и выплаты
государственных стипендий

       
      19. Государственная стипендия назначается студентам, магистрантам, интернам, обучающимся по государственному заказу (гранту), получившим оценки "хорошо", "отлично" по результатам экзаменационной сессии, включая все формы контроля знаний, и ежемесячно выплачивается с первого числа, следующего за экзаменационной сессией месяца. 
      Всем успевающим (не имеющим задолженности по результатам экзаменационной сессии или неудовлетворительные оценки по результатам промежуточной аттестации) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, являющимся студентами, магистрантами, интернами высших учебных заведений, учащимся начальных и средних профессиональных учебных заведений, назначается государственная стипендия. 
       Сноска. В пункт 19 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 12 августа 2000 г. N 1254   P001254_   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.). 

      20. Аспирантам, докторантам, клиническим ординаторам и слушателям государственная стипендия назначается на весь срок обучения и выплачивается ежемесячно в установленных размерах. 

      21. Студентам, магистрантам и учащимся, представленным на государственную стипендию по результатам летней сессии, стипендия за период летних каникул выплачивается суммарно за два месяца (июль-август), по мере открытия кредитов. 

      22. Студентам, магистрантам и учащимся, которые не сдали зачеты и экзамены в общеустановленные сроки по уважительным причинам (болезнь, семейные обстоятельства, стихийные бедствия) руководством организации образования устанавливаются индивидуальные сроки их сдачи, после чего им назначается стипендия на общих основаниях.  <*>
       Сноска. В пункт 22 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      23. В период производственной практики, летних каникул, а также в период работы на рабочих местах и в должностях с выплатой заработной платы за стипендиатами сохраняется право на получение стипендии на общих основаниях. 

      24. Студентам, магистрантам и учащимся, переведенным из одного учебного заведения в другое, с одной специальности на другую в одном учебном заведении, государственные стипендии назначаются и выплачиваются после ликвидации разницы в учебных планах на общих основаниях.  <*>
       Сноска. В пункт 24 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      25. В период нахождения в академическом отпуске государственная стипендия не выплачивается, за исключением пункта 17 настоящих Правил. Студентам, магистрантам, учащимся, возвратившимся из академического отпуска, назначение и выплата государственной стипендии осуществляется в установленном порядке по итогам предстоящей (очередной) сессии. Студентам, магистрантам, учащимся, оставленным на повторный год обучения по болезни, государственная стипендия назначается и выплачивается на общих основаниях до результатов очередной экзаменационной сессии.  <*>
       Сноска. В пункт 25 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

      26. Студентам, магистрантам, аспирантам, докторантам и учащимся за время отпуска по беременности и родам стипендия выплачивается в полном размере в течение всего срока, установленного действующим законодательством. 
      При представлении справки единого образца о временной нетрудоспособности по беременности в период академического отпуска академический отпуск должен быть прерван и оформлен отпуск по беременности и родам. 
      В период нахождения студентов, магистрантов, аспирантов, докторантов и учащихся в академическом отпуске по уходу за ребенком до достижения им возраста полутора лет стипендия не назначается. 
       Сноска. В пункте 26 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 12 августа 2000 г. N 1254   P001254_   (вступает в силу с 1 сентября 2000 г.); от 5 марта 2004 г. N 286   (вступает в силу с 1 января 2004 г.). 

  5. Заключительные положения

       
      27. Выплата государственных стипендий прекращается: 
      1) в случае отчисления (исключения) обучающегося из организации образования, независимо от причин отчисления (исключения); 
      2) в случае смерти обучающегося; 
      3) (исключен) 
      4) после завершения учебы со дня выхода приказа о выпуске.  <*>
       Сноска. В пункт 27 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      28. Прекращение выплаты государственных стипендий осуществляется путем издания соответствующего приказа руководителя организации образования.  <*>
       Сноска. В пункт 28 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

 

Приложение
к Правилам, утвержденным 
постановлением Правительства 
Республики Казахстан 
"О порядке выплаты государственной
стипендии отдельным категориям
обучающихся в организациях образования" 
от 10 декабря 1999 года N 1903  <*>

      
       Сноска. В приложение внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 26 мая 2005 г.  N 515  (вводится в действие с 1 июля 2005 г.).

 

Размер
надбавок к государственной стипендии отдельных
категорий обучающихся в организациях образования по
государственному заказу или гранту имеющих
право на получение стипендии  <*>

      
       Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 ноября 2004 г.  N 1154  .

      

N
п/п

Перечень стипендиатов

Размер надбавки в процентах

1

Слепым или глухонемым студентам, магистрантам высших профессиональных учебных заведений, учащимся средних профессиональных учебных заведений

75

  

Студентам, магистрантам высших профессиональных учебных заведений, учащимся средних профессиональных учебных заведений, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболеваний, полученных в боевых действиях, либо при выполнении иных обязанностей воинской службы, вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия или при условии, что их инвалидность генетически связана с радиационным облучением одного из родителей

50

2

Студентам, магистрантам высших профессиональных учебных заведений, учащимся средних профессио-нальных учебных заведений из числа детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, но находящихся под опекой (попечительством) граждан

30

3

Студентам и магистрантам высших профессиональных учебных заведений, которым назначена стипендия Президента Республики Казахстан, если размер стипендии не указан в решениях Президента Республики Казахстан

100

4

Студентам и магистрантам высших профессиональных учебных заведений, учащимся средних профессиональных учебных заведений, получающим стипендии имени выдающихся деятелей науки, техники и культуры, учрежденные решениями Правительства Республики Казахстан, если размер стипендии не указан в данных решениях

45

5

Студентам, магистрантам высших профессиональных учебных заведений, учащимся средних профессиональных учебных заведений, имеющим по результатам экзаменационной сессии (кроме студентов, магистрантов высших профессиональных учебных заведений, получающих именные стипендии и стипендии Президента Республики Казахстан) только оценки "отлично"

15

  

     Примечание.
     Доплаты, предусмотренные в приложении производятся к первоначальному размеру стипендии (без учета других повышений).