Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 286 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      3-тармақтың 1) тармақшасында "бастауыш" және "орта" деген сөздерден кейiн "кәсiптiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      5-тармақта "2,45" деген сандар "3" деген санмен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттiк бiлiм гранты негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық студенттерге және бiрiншi жыл оқитын магистранттарға, сондай-ақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiрiншi курсқа қабылданған барлық оқушыларға бiрiншi семестрде мемлекеттiк стипендия тағайындалады";
      7-тармақта "студенттерге," деген сөзден кейiн "магистранттар мен оқушыларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      26-тармақта:
      бірінші абзацта "магистранттарға," деген сөзден кейін "аспиранттарға, докторанттарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "магистранттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар, докторанттар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады