Қазақстан Республикасы Yқiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 мамырдағы N 515 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбында "тәртібi туралы нұсқаулықты" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта "тәртiбi туралы нұсқаулық" деген сөздер "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      тақырыбында "тәртiбi туралы нұсқаулық" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақта "тәртібi туралы нұсқаулық", "Нұсқаулық" деген сөздер "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Нұсқаулық" деген сөз "Ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақта "тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 3 есе мөлшерiнде, интерндерге айлық есептік көрсеткіштiң 5,5 есе мөлшерінде" деген сөздер "6434 теңге мөлшерiнде, интерндерге 11652 теңге мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақта "Клиникалық ординаторларға" деген сөзден кейiн "және денсаулық сақтау магистранттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-тармақта "осы нұсқаулыққа" деген сөздер "осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25-тармақта "осы Нұсқаулықтың" деген сөздер "осы Ереженiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулыққа қосымшада "нұсқаулыққа" деген сөз "ережеге" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады