Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 453 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қазандағы
N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      5-тармақта "мөлшерiнде" деген сөзден кейiн ", интерндерге айлық есептiк көрсеткiштiң 5,5 есе мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта "мен интерндерге" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады