Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 1154 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.07.  N 116  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мемлекеттiк білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың" деген сөздердiң алдындағы "Мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың", "бiлiм беру ұйымдарында оқитын", "бiлiм беру ұйымдарында оқитындар" деген сөздердің алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік бiлiм тапсырысы (гранты) негiзiнде бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнде, сондай-ақ кәсіптік бастауыш бiлiм беретiн мекемелерде оқитындардың мемлекеттiк стипендиялар тағайындалатын және төленетін жекелеген санаттарына мыналар жатады:";
      5) тармақшадағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      22-тармақтағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      24-тармақтағы "оқу орнынан" деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      27-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      28-тармақтағы "бiлiм беру ұйымы деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібi туралы нұсқаулықтың қосымшасында:
      тақырыбындағы "бiлiм беру ұйымдарында оқитындардың" деген сөздердiң алдындағы "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады