Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Аджип Қарашығанақ Б.В.", "БГ Интернешнл Лимитед", "Тексако Интернешнл Петролеум Компани" компаниялары, "Лукойл" мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мердігер), "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімге N 1 өзгерістер туралы шарттың талаптары мақұлдансын (бұдан әрі - Шарт).
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Мердігерге өзінің құқықтарын іске асыру және Шарт бойынша міндеттемелерін атқару үшін қажетті барлық лицензиялар мен рұқсаттарды берсін.
3. Мердігерге өзгерістерді ескере отырып, жылдық Жұмыс бағдарламаларына және Басқару жөніндегі бірлескен комитет бекіткен бюджетке сәйкес кен орнын игерудің алдын ала жоспарының Екінші кезеңі бойынша операцияларды орындауды жалғастыруға рұқсат берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан - Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы Дулат
Оразбекұлы Қуанышевқа Шартқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.