"ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 желтоқсан N 1990

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңда белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтың "ҚХЖБ"-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалуын қамтамасыз етсін, Ермек Қабиұлы Оқаев бұл қызметтен босатылсын;
      2) "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" және "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" акционерлік қоғамдарының Директорлар кеңестерінің құрамдарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      2. "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы"

 

жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 280 


P990280_


  қаулысының

күші жойылған деп танылсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады