Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпустың екінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша, республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен, іс жүзінде ұсынылған құжаттар бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық корпус үшін чартерлік рейс ұшағын, автокөлікті пайдалануға және қабылдау ұйымдастыруға
байланысты шығыстарды төлесін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.