"Конденсат" ашық акционерлік қоғамының шетелдік несиелер бойынша республикалық бюджеттен төленген қаражатты, сондай-ақ шетелдік кредитоларға төлеуге жататын алдағы төлемдерді қайтаруы мәселелерін реттеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы мен "Конденсат" ашық акционерлік қоғамының арасында жасалған "Конденсат" ашық акционерлік қоғамының республикалық бюджеттен бөлінген соманы, сондай-ақ шетелдік кредиторларға төлеуге жататын алдағы төлемдерді қайтаруы туралы келісімді қарасын және келіссін. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген Келісім Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін шағын мұнай өңдеу заводында өңдеу үшін
бөлу туралы түпкілікті келісімнің негізгі ережелерімен сәйкес келуі тиіс.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С. Павловқа жүктелсін.
3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.