2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2000 жылғы 11 қаңтар N 7-ө

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2001 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі "Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған Тұжырымдамасын және Индикативтік жоспарын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қарашадағы N 1811 P991811_ қаулысына сәйкес:
      10 күн мерзімде Қазақстан Республикасының 2001 жылға және 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын әзірлеу үшін қажетті құжаттар мен материалдардың тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) 2000 жылдың 10 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бюджеттік жоспарлаудың методологиясы жөнінде ұсыныс енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылдың 15

 

қаңтарына белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің "2001

жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу жөнінде бюджеттік

комиссия құру туралы" Жарлығының жобасын әзірлесін және Үкіметке қарауға

енгізсін.



     Премьер-Министр




    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады