Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2000 жылғы 4 мамыр N 70-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 377 U000377_ Жарлығын іске асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бір апталық мерзімде қаржылық және өзге де материалдық ресурстардың заңсыз айналымының алдын алудың және жолын кесудің ұйымдастыру-құқықтық және экономикалық шаралар кешенін көздейтін Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімнің жобасын енгізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), Мемлекеттік кіріс министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп 2000 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде, оны іске асырудың нақты мерзімдерін белгілеумен, Қылмыстылыққа қарсы күрес бағдарламасының жобасын әзірлесін және осы Бағдарламада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыруды көздеп, белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізсін;
      2) осы мәселелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қарау жөнінде ұсыныстар енгізумен тоқсан сайын қылмыстылық жағдайы неғұрлым күрделі облыстар бойынша кеңейтілген ақпарат тапсырсын;
      3) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының (келісім бойынша) және басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұйымдасқан ұлтаралық қылмыстылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығын ұлғайтуға шаралар қолдансын;
      4) жоғарыда аталған Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын және қажет болған жағдайда қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған ұсыныстар енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен бірлесіп (келісім бойынша) әскери қызметкерлер, судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа шарттарын әзірлеу кезінде судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді арттыруды көздесін, онда соңғылары үшін құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз етудің нақты міндеттерін орындауға қатысу деңгейіне қарай сараланған жалақы белгіленсін және үш ай мерзімде

 

осы мәселе бойынша ұсыныстарын 2001 жылға арналған республикалық бюджетті

қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссияның қарауына енгізсін.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады