Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығының орындалу барысы және оны іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 7 ақпан N 11-ө

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 U000427_ Жарлығын одан әрі іске асыру мақсатында:
      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығында көзделген тапсырмалардың орындалуын бақылауды күшейтсін;
      2) көрсетілген тапсырмалардың орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы фактілері анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолдансын және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасын түпкілікті орындау мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
      3. Жұмыс тобы 2001 жылғы 1 мамырға дейін функционалдық талдау негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарын құрудың үлгілік стандарттары, ең аз шығындармен басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын негіздемелер мен есептеулерін қоса беріп, ұсынсын.
      4. Министрлер мен агенттіктердің төрағалары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427

 

Жарлығын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

     2) істелген жұмыс туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не тоқсан

сайын ұсынып отырсын.

     5.



     Ескерту. 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.07. N 61

              өкімімен.


R010061_



     Ескерту. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.31. N 115    

              өкімімен. 


R020115_



     Премьер-Министр

                                               Қазақстан Республикасы

                                               Премьер-Министрінің

                                               2001 жылғы 7 ақпандағы

                                               N 11-ө өкіміне

                                                      қосымша


     Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу мәселелері жөніндегі

                  жұмыс тобының құрамы


     Тілеубердин                 - Қазақстан Республикасы

     Алтай Абылайұлы               Премьер-Министрі Кеңсесінің

                                   Басшысы, жетекші;


     Жәмішев                     - Қазақстан Республикасының

     Болат Бидахметұлы             Қаржы бірінші вице-министрі;


     Андрющенко                  - Қазақстан Республикасының

     Александр Иванович            Экономика және сауда вице-министрі


     Донақов                     - Қазақстан Республикасының

     Талғат Советбекұлы            Әділет бірінші вице-министрі;


     Өмірбаев                    - Қазақстан Республикасының

     Әділхан Әбдірахманұлы         Еңбек және халықты әлеуметтік

                                   қорғау вице-министрі;


     Оспанов                     - Қазақстан Республикасының

     Қанат Төлеуұлы                Стратегиялық жоспарлау

                                   жөніндегі агенттігі төрағасының

                                   орынбасары (келісім бойынша);


     Котенко                     - Қазақстан Республикасы

     Наталья Леонидовна            Премьер-Министрінің Кеңсесі

                                   Экономикалық бөлімінің

                                   меңгерушісі;


     Ушуров                      - Қазақстан Республикасының

     Игорь Арлиевич                Президенті Әкімшілігінің бас

                                   сарапшысы (келісім бойынша);


     Ахметжанов                  - Қазақстан Республикасының

     Саян Қылышұлы                 Мемлекеттік қызмет істері

                                   жөніндегі агенттігінің департамент

                                   директоры (келісім бойынша).


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады