Қазақстан Республикасының Бірінші Параолимпиадалық ойындарын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 2001 жылғы 11 маусым N 44-ө

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Бірінші Параолимпиадалық ойындарын (бұдан әрі - Параолимпиадалық ойындар) 2001 жылғы 13-17 шілдеде Астана қаласында өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қоса беріліп отырған Параолимпиадалық ойындарға даярлық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласының әкімімен бірлесіп, Параолимпиадалық ойындарды өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Астана қаласының әкімімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп, Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Параолимпиадалық ойындардың салтанатты ашылуының мәдени-спорттық мерекесін өткізсін.
      5. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері Параолимпиадалық ойындардың іріктеу жарыстарының қалаларда, облыстарда ұйымшылдықпен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының спорт делегацияларының Параолимпиадалық ойындардың салтанатты рәсімдеріне және ақтық жарыстарына қатысуы үшін дайындалуын және қатысуын қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Параолимпиадалық ойындарға қатысушылар тұратын және жарыстар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі

 

Параолимпиадалық ойындарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді

ұйымдастырсын.

     8. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі Параолимпиадалық ойындар қатысушыларының мәдени бағдарламасын

ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін және оларды даярлау мен өткізу барысының

бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария болуын қамтамасыз етсін.

     9. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

Параолимпиадалық ойындарға қатысушыларды тасымалдауға жәрдем көрсетсін.


     Премьер-Министр


                                      Қазақстан Республикасы

                                      Премьер-Министрінің

                                      2001 жылғы 11 маусымдағы

                                      N 44 өкімімен

                                      бекітілген


        Бірінші Параолимпиадалық ойындарға даярлық және

            өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің

                            Құрамы


     Тұрлыханов             - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт

     Дәулет Болатұлы          жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға


     Бәйменов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және

     Әлихан Мұхамедияұлы      халықты әлеуметтік қорғау министрі,

                              төрағаның орынбасары


     Мұхаметжанов           - Астана қаласы әкімінің орынбасары,

     Төлеген Мұхаметжанұлы    төрағаның орынбасары


     Тәнекеев               - Қазақстан Республикасы Мүгедектер

     Сейдалым Нысанбайұлы     қоғамының төрағасы,

                              төрағаның орынбасары (келісім бойынша)


                 ұйымдастыру комитетінің мүшелері


     Айдарханов             - Қазақстан Республикасының Денсаулық

     Арман Тергеуұлы          сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының

                              орынбасары


     Әлімбекова             - Қазақстан Республикасының Туризм және

     Гүлнар Смаділқызы        спорт жөніндегі агенттігі қаржы және

                              экономика бөлімінің бастығы


     Қанағатов              - Қазақстан Республикасының Туризм және

     Елсияр Баймұхаметұлы     спорт жөніндегі агенттігі төрағасының

                              орынбасары


     Нәлібаев               - Қазақстан Республикасының Көлік және

     Әбдіхалық Зәкірұлы       коммуникациялар вице-министрі


     Отто                   - Қазақстан Республикасының Ішкі істер

     Иван Иванович            вице-министрі


     Рябченко               - Қазақстан Республикасының Мәдениет,

     Олег Григорьевич         ақпарат және қоғамдық келісім бірінші

                              вице-министрі


     Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасының Білім және

     Бақытжан Тұрсынұлы       ғылым бірінші вице-министрі


     Өтеулина               - Қазақстан Республикасының Еңбек және

     Хафиза Мұқтарқызы        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады