Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы 70-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуына байланысты:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) басшылары:
1) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Z990453_ Заңының 26-бабы 5-тармағының күшіне орай отставкаға кету құқығы бар және отставкаға беруге міндетті, мемлекеттік органдардың басшылары орынбасарларының, ведомстволардың басшылары мен олардың орынбасарларының орнынан түсуі жөніндегі рәсімдерді қамтамасыз етсін;
2) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
мемлекеттік органдардың басшылары орынбасарларының, ведомстволардың
басшыларының қызметтеріне кандидаттарды тағайындауға ұсыныстарды;
ведомстволардың басшылары орынбасарларының қызметтеріне кандидаттар
жөнінде ұсыныстарды жіберсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.