Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 13 маусымдағы
N 77 өкімiмен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрiнiң орынбасарлары және Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы арасында
МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
И.Н.Тасмағамбетов
Үкiметтiң қызметiне басшылық жасау.
Қазақстан Республикасының Президентiмен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкiметтiң атынан өкiлдiк ету.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерi.
Үкiметтiң заң шығару қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдіру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға, Республикалық бюджет комиссиясына басшылық жасау.
Қорғаныс, шетелдiк инвестицияларды тарту, экспорттық бақылау,
мәдениеттi дамыту, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттiк материалдық
резервтер, төтенше жағдайлар мәселелерi.
Үкiметтiң кадр мәселелерi.
Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң, Мемлекеттiк материалдық
резервтер жөнiндегi агенттiктiң, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң
қызметiн жалпы бақылау.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
К.Қ.Мәсiмов
Экономиканы жедел басқару, аймақтық саясат, жұмылдыру жұмысының
мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың өндiрiстiк сала мен инфрақұрылымды (өнеркәсiптi, құрылысты, шағын және орта кәсiпкерлiкті, көлiк пен коммуникацияларды, энергетика секторы мен кен-металлургия кешенiн) дамыту мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi.
Геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын сақтау мәселелерi.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының мәселелерi.
ТМД елдерiмен және олардың ықпалдастық бiрлестiктерiмен өзара
қатынастарды үйлестiру.
Астана қаласы жаңа орталығының құрылысын салу жөнiндегi мемлекеттiк
комиссияға басшылық жасау.
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң, Экономика және сауда министрлiгiнiң
(өнеркәсiптi дамыту мәселелерi бойынша), Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiктiң
(шағын бизнес мәселелерi бойынша) қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Б.Ә.Мұхаметжанов
Құқық қорғау органдарының қызметiн үйлестiру.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату
мәселелерi.
Мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк саланы дамыту, бiлiм беру, ғылым,
денсаулық сақтау, спорт пен туризм мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру.
Көшi-қон және демографиялық саясат, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер
iстерi жөнiндегi ұлттық комиссияның мәселелерi.
Қазақстан Республикасында Денсаулық жылын өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссияға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы
Құқықтық саясат жөнiндегi кеңеске басшылық жасау.
Iшкi iстер министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Қаржы полициясы
агенттiгiнiң, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiктiң, Туризм және
спорт жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
А.С.Есiмов
Мемлекеттiк органдардың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiптiк кешендi
дамыту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк агроазық-түлiк бағдарламасын
iске асыру мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестіру.
Экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау,
жер және су қатынастарының мәселелерi.
Ауылдық аумақтарды дамыту, iшкi көшi-қон мәселелерi.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасау.
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы бақылауды жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
А.С.Павлов
Экономикалық даму, қаржы, салық және тариф саясаты, бюджетаралық
қатынастарды жетiлдiру мәселелерi.
Үкiметтiң Ұлттық Банкпен, халықаралық қаржы және экономикалық
ұйымдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Экономикалық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмысына басшылық жасау.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызметiн үйлестiру.
Қаржы министрлiгiнiң қызметiне басшылық жасау.
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Экономика және сауда министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Статистика жөнiндегi агенттiктiң, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiктiң (тариф саясаты бөлiгiнде) қызметiн жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы
А.А.Тiлеубердин
Үкiметтiң шешiмдерiн дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттiк және орындаушылық тәртiптi қамтамасыз ету бөлiгiнде орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, ведомстволардың қызметiн үйлестiру.
Үкiметтiң кадр саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
Үкiметтiң аймақтық саясатын iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру,
Yкiметтiң облыстар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Президент Әкiмшiлiгiмен және Парламент
палаталарының аппараттарымен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi.
Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiктiң қызметiн жалпы
бақылауды жүзеге асырады.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.