"Қазақстан Республикасының индустриялық дамуының 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгi бағыттары" жобасын (бұдан әрi - Жоба) әзiрлеу мақсатында және оны қалыптастыру процесiне кәсiпкерлердің қатысуы деңгейiн көтеру үшiн:
1. Қосымшаға сәйкес ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын.
2. Жобаны әзiрлеу жөнiндегi қызметтi үйлестiру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жобаны әзiрлеу жөнінде негізгі орындаушы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Жобаны әзiрлеу үшiн ағымдағы жылы игерілмеген бюджет қаражатының есебінен қажеттi қаржы бөлудi көздесін.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне
Жобаны әзiрлеу үшiн жұмыс тобының құрамына басқа министрлiктер мен
ведомстволар өкiлдерiн тарту өкілеттiгi берілсiн.
6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi 2002
жылғы 20 желтоқсанға дейінгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының
индустриялық дамуының 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгі
бағыттары" жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2002 жылғы 10 қазандағы
N 156 өкiмiне
қосымша
"Қазақстан Республикасының индустриялық дамуының
2010 жылға дейінгі кезеңге арналған негiзгi бағыттары"
жобасын әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық
жұмыс тобының құрамы
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы Премьер-Министрi, төраға
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төрағаның орынбасары
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрi,
төрағаның орынбасары
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Зейнолла Халидоллаұлы министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық
ресурстар министрi
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы және коммуникациялар министрi
Беркiмбаева - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Шәмшә Көпбайқызы және ғылым министрi
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы бiрiншi вице-министрi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрi
Ким - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Георгий Владимирович министрi
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгінің төрағасы
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы жөнiндегi агенттiгінің төрағасы
Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Кедендiк
Бердiбек Мәшбекұлы бақылау агенттігінің төрағасы
Метте - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi
Виталий Леонидович
Көшербаев - Батыс Қазақстан облысының әкiмi
Қырымбек Елеуұлы
Мұхаметжанов - Қарағанды облысының әкiмi
Камалтин Ескендiрұлы
Смирнов - Солтүстiк Қазақстан облысының
Анатолий Владимирович әкiмi
Дебердеев - Қазақстан Республикасының
Анвар Фуатович Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлігі "Экономикалық
зерттеулер институты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Құрбанбаева - Қарағанды облысы кәсiпкерлер
Гүлнара Төретайқызы қауымдастығының атқарушы
директоры (келiсiм бойынша)
Апенко - Жеңiл өнеркәсiп кәсіпорындарының
Сергей Леонидович қауымдастығы басқармасының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Беклемишев - Қазақстан Республикасының жер
Павел Иннокентьевич қойнауын пайдаланушыларға арналған
жабдықтарды өндiрушілер мен қызмет
көрсетушілер қауымдастығы
басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Ган - Қазақстан астық өңдеушiлерi мен
Евгений Альбертович наубайшылары одағының президентi
(келiсiм бойынша)
Дiнiшев - Қазақстан Республикасы қант
Тимур Мұсаұлы қызылшасы мен қант өндiрушiлерi
қауымдастығының президентi
(келiсiм бойынша)
Ибрагимов - Еуразия өнеркәсiп қауымдастығы
Сатыбалды Тілемiсұлы төралқасының мүшесі
(келісім бойынша)
Карапетян - Қазақстан шарап жасаушылары
Артур Месропович одағының президентi (келiсiм бойынша)
Кравченко - Қазақстан Республикасының жұмыс
Иван Михайлович берушiлерi конфедерациясының
вице-президентi (келiсiм бойынша)
Люц - Қазақстанның полиграфистерi
Евгений Арведович қауымдастығының президентi
(келiсiм бойынша)
Мұғынов - Қазақстан Республикасы ағаш өңдеу
Саят Серiкұлы және жиһаз өнеркәсiбi кәсiпорындары
қауымдастығының президентi
(келiсiм бойынша)
Оқаев - "Қазақстан кәсiпкерлерiнiң форумы"
Ермек Қабиұлы кеңесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Попелюшко - Қазақстан Республикасы тамақ
Анатолий Висханович өнiмдерiн өндірушiлер одағының
президентi (келiсiм бойынша)
Сорокин - Қазақстан кәсіпкерлерiнің конгресi
Валентин Иванович атқару комитетiнің төрағасы
(келiсiм бойынша)
Сүлейменов - "Қазақстан машина жасаушысы"
Мұратбек Ғарифоллаұлы қауымдастығының президентi
(келiсiм бойынша)
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.