Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесiн дайындау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 21 қазан N 164-ө. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

     Бағдарламаларды мемлекеттiкке жатқызу өлшемдерiн айқындау, оларды әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
     1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:     

Орынбаев Ербол        - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тұрмаханұлы             бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, жетекшi     

Мүсенова Галина       - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ақайқызы                бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық
                        саясат және бағдарламалар департаментiнiң
                        директоры, хатшы 

Дауранов Ильдар       - Қазақстан Республикасы Экономика және
Наильевич               бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
                        Экономикалық зерттеулер институты Шағын
                        және орта бизнес орталығының директоры

Жұмағұлов Ерлан       - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Әскерұлы                министрлiгiнiң Заңнама департаментi
                        директорының орынбасары

Қалиева Анар          - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұрдыбайқызы            министрлiгi Мемлекеттiк органдарды
                        қаржыландыру департаментiнiң директоры
                        орынбасарының мiндетiн атқарушы     

Нұрмамбетов Жұман     - Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Бюджет
                        саясаты және жоспарлау департаментiнiң
                        бюджет саясаты басқармасы бастығының
                        орынбасары     

Нұрашев Тимур         - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бекболатұлы             бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
                        Стратегиялық жоспарлау және
                        инвестициялық саясат департаментi
                        директорының орынбасары

Тримов Нариман        - Қазақстан Республикасының Экономика және
Саматайұлы              бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Құқық және
                        ұйымдастыру жұмысы департаментiнiң
                        құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету
                        басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы
      2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметіне Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесi жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың және өзге мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға (келiсiм бойынша), сондай-ақ оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға құқық берілсін.

       Премьер-Министр 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады