Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан халықтары Ассамблеясының тоғызыншы сессиясын шақыру туралы" 2002 жылғы 9 қазандағы N 351 өкіміне сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2002 жылғы 15 қарашада Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының тоғызыншы сессиясын (бұдан әрі -
Сессия) өткізуді ұйымдастырсын.
2. Сессияны өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 38 "Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамыту" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкімдеріне Сессияға қатысушылардың іссапар шығыстарын тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Премьер-Министр