1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi 2002 жылғы 20-21 қарашада Астана қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-қытай үкiметаралық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) алтыншы мәжiлiсiн өткiзсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегi қазақстан-қытай үкiметаралық комиссиясының алтыншы мәжiлiсiн дайындау жөнiндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
3. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуы жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Комиссияның алтыншы мәжiлiсiн өткiзу үшiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 14 қарашадағы
N 175 өкімімен
бекітілген
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі
қазақстан-қытай үкіметаралық комиссиясының алтыншы
мәжілісін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
------------------------------------------------------------------
Р/с! Іс-шараның атауы !Орындау мерзімі! Орындауға жауаптылар
N ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 Делегацияның болу 2002 жылғы 15 Индустрия және сауда
бағдарламасын дайындау қарашаға дейін министрлігі
2 Комиссияның жұмыс 2002 жылғы 15 Индустрия және сауда
регламентi жөнінде қарашаға дейін министрлігі
(баяндамашыға және сөз
сөйлеушілерге берiлген
уақыт), жұмыс
топтарының басшылары
мен олардың құрамы,
өткiзу орны жөнiнде
ұсыныстар енгiзу
3 Комиссияның мәжiлiсiнің 2002 жылғы 15 Индустрия және сауда
күн тәртібi мен қарашаға дейін министрлігі (шақыру),
әңгімелесу жазбасы Сыртқы істер
жобаларына және сөздер министрлігі, Көлік және
жобасына ұсыныстар беру коммуникациялар
министрлігі, Экономика
және бюджеттік
жоспарлау министрлігі,
Қаржы министрлігі,
Энергетика және
минералдық ресурстар
министрлігі, Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі,
Ауыл шаруашылығы
министрлігі, Қоршаған
ортаны қорғау
министрлігі, Кедендік
бақылау агенттігі,
Астана қаласының әкімі,
Алматы қаласының әкімі
4 Комиссияның алтыншы 2002 жылғы 15 Индустрия және сауда
мәжiлiсiнiң күн тәртібi қарашаға дейін министрлігі, Сыртқы
мен әңгімелесу жазбасы істер министрлігі
жобаларын дайындау
5 Қытай делегациясына 2002 жылғы 15 Сыртқы істер
қызмет көрсету жөнiндегi қарашаға дейін министрлігі
қаржылық шығындарды
(көлiкке, Комиссияның
қазақстандық бөлiгi
төрағасының атынан
қабылдау, кофе-брейк,
кәдесыйлар, кеңсе
тауарлары) толық
көлемдe жабуды
қамтамасыз ету
6 Алматы және Астана 2002 жылғы Алматы қаласының әкімі,
қалаларындағы VIP- 20-22 қараша Астана қаласының әкімі
залдарды пайдалану
7 Комиссияның қазақстандық 2002 жылғы 15 Индустрия және сауда
бөлiгi төрағасының қарашаға дейін министрлігі, Сыртқы
атынан қабылдауды өткiзу істер министрлігі
орнын және қатысушылар
санын анықтау
8 Комиссияның қазақстандық 2002 жылғы 16 Индустрия және сауда
бөлiгiнің мәжiлiсiн қарашаға дейін министрлігі
ұйымдастыру және өткiзу
9 Бөлiнген қаражат 2002 жылғы 16 Индустрия және сауда
есебiнен қытай тарабының қарашаға дейін министрлігі
төрағасына естелiк
сыйлық және қытай
делегациясының мүшелерi
үшін кәдесыйлар сатып
алуды ұйымдастыру
10 Қытай делегациясының 2002 жылғы Сыртқы істер
мүшелерiн көлiктiк 20-22 қараша министрлігі, Көлік
қызметпен қамтамасыз ету және коммуникациялар
министрлігі
11 Комиссияның алтыншы 2002 жылғы Индустрия және сауда
мәжiлiсiнің жұмысын 20-22 қараша министрлігі
Комиссия мәжiлiсінің
қорытындылары бойынша
баспасөзде жария етудi
ұйымдастыру
12 Комиссияның қазақстандық 2002 жылғы 18 Индустрия және сауда
бөлiгi төрағасының қарашаға дейін министрлігі
сөйлейтiн сөзiнiң
жобасын дайындау
13 Комиссияның алтыншы 2002 жылғы 1 Индустрия және сауда
мәжiлiсi туралы есеп желтоқсанға министрлігі
дайындау дейін
------------------------------------------------------------------