Түрік Республикасы Әділет және даму партиясының төрағасы Реджеп Тайип Эрдоғанның Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2003 жылғы 11 қаңтар N 3-ө

      Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының арасындағы достық қатынастарды нығайту және екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      1) Түрік Республикасы Әділет және даму партиясының төрағасы Реджеп Тайип Эрдоғанның Қазақстан Республикасына 2003 жылдың 10-11 қаңтар кезеңінде жұмыс сапарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) Түрік Республикасы Әділет және даму партиясының төрағасы Реджеп Тайип Эрдоғанның жұмыс сапарын өткізуге, оның ішінде Түрік Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің тұруына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 346150 (үш жүз қырық алты мың бір жүз елу) теңге сомасында қаражат бөлсін.

      Премьер-Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады