Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжановқа қаражат өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі. 2003 жылғы 6 ақпан N 20-ө

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжановтың Қазақстан спорттық делегациясының жетекшiсi ретiнде 2003 жылғы 1-8 ақпан кезеңiнде Аомори қаласындағы (Жапония) V қысқы Азия ойындарына қатысуына байланысты:
      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжановқа қонақ үйде тұруға, тәулiктiк және Аомори-Токио-Сеул-Алматы бағыты бойынша көлiктiк шығыстарға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 032 "Жоғары жетiстiктер спорты" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берiлетiн күнге белгілеген бағам бойынша толық көлемде валюталық қаражат бөле отырып, шығыстарын өтесiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады