2003 жылғы 21 наурыздағы Астана қаласында Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі бірлескен Жоғары деңгейлі топтың (бұдан әрі - Жоғары деңгейлі топ) екінші мәжілісінің өткізілуіне байланысты:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жоғары деңгейлі топтың мәжілісіне қатысатын Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина делегациялары мүшелерінің тұруына және тамақтануына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 1273020 (бір миллион екі жүз жетпіс үш мың жиырма) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр