Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн арттыруды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
1) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн арттыруды жүргiзудi ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобын құрсын;
2) "2003 жылдың 1 маусымынан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн арттырудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын дайындасын және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн бiр апта мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарына зейнетақы төлемдерiн арттыруды жүргiзуге мамандарды тарту үшiн талап етілетiн қосымша шығындарды анықтасын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi (басқармалары) мамандарының қажеттi санын 2003 жылдың 1 маусымынан бастап зейнетақы төлемдерiн арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдарына жiберсiн;
2) 2003 жылдың 1 маусымынан бастап зейнетақы төлемдерiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн жеке жауапкершілiк әкiмдердiң әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiне жетекшілiк ететiн орынбасарларына жүктелсiн;
3) зейнетақы төлемдерiн арттыру жөнiндегi жұмыстың барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне әрбiр он күн сайын хабарлап тұруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi зейнетақыларды арттыру мәселелерi бойынша халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Премьер-Министр