Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы N 107-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 2-4 маусымда Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Xу Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 2-4 маусымда Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Xу Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттiк сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткізу жөнiнде ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге қатысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Xу Цзиньтаоның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз eтcін.

      6. Астана қаласының әкiмi Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын күтiп алу мен шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды, Астана әуежайы мен көшелерiн безендiрудi, сондай-ақ мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Xу Цзиньтаоны күтiп алу және шығарып салу ресми рәсiмдерiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан ресми қонақасыдағы концерттiк бағдарламаны қамтамасыз етсiн.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң     
2003 жылғы 27 мамырдағы   
N 107 өкiмiне        
қосымша        

Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+16), бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Екi жақты кездесулер үшiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiнiң "Стамбул", "Токио", "Мәскеу" конференция өтетiн залдарын жалдау және безендiру.
      4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы рұқсатнамалар, кувертка карталары, ресми қонақасыға шақырулар) дайындау.
      5. Делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
      6. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның құрметiне ресми қонақасы ұйымдастыру.
      8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады