2003 жылғы 5-6 маусымдаа "Оқжетпес" санаторийіндe Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесінің 9-мәжілiсiн дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 114-ө өкімі

      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды одан әрi жақсарту мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнің 9-мәжiлiсi (бұдан әрi - мәжiлiс) 2003 жылғы 5-6 маусымда Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" санаторийiнде (Ақмола облысы, Бурабай поселкесi) өткiзiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі мәжiлiстi дайындау және өткiзу жөнінде ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      мәжiлiс мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды орналастыру, тамақтандыру, техникалық жарақтандыру, оларға медициналық және көлiктiк қызметтер көрсету жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын;
      мәжiлiстi өткiзуге арналған шығыстарды 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) мәжiлiске қатысушылардың әуежайлардағы және баратын, тұратын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ баратын бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Астана - Бурабай курорты - Астана бағыты бойынша арнайы литерлiк поезд ұйымдастырсын. Жолаушылардың жол жүруiн және поезда тамақтануын ұйымдастыру жөнiндегi шығыстар "Қазақстан темiр жолы" ҰК ЖАҚ-тың есебiне жатқызылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мәжiлiстің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, концерттiк бағдарлама өткiзудi ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады