Ливан Республикасының Премьер-Министрi Р.Хариридiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 175-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2003 жылғы 27-28 тамызда Астана және Алматы қалаларында Ливан Республикасының Премьер-Министрi Р.Хариридiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2003 жылғы 27-28 тамызда Астана және Алматы қалаларында Ливан Республикасының Премьер-Министрi Р.Хариридiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Ливан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ливан Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындардағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Ливан Республикасының Премьер-Министрi арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағы үстiнен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Ливан Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын орындауды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Ливан Республикасының Премьер-Министрiн қарсы алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан ресми қабылдауда концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнің  
2003 жылғы 19 тамыздағы 
N 175 өкiмiне    
қосымша       

Ливан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк
қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ливан Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+11) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Хаятт Ридженси" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Хаятт Ридженси" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арналған арнайы рұқсатнамалар) дайындау.
      4. Делегация басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Ливан Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезiнде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Ливан Республикасының Премьер-Министрi Р.Хариридiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады