"Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының қалааралық, халықаралық байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуға және телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзуге айрықша құқығының мерзiмiнен бұрын күшiн жоюға байланысты мәселелердi реттеу бойынша ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Ведомствоаралық жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрiнің орынбасары,
жетекшi
Өтепов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендіру комитетi
төрағаның бiрiншi орынбасары,
жетекшiнің орынбасары
Ильин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Александр Николаевич министрлiгi Салық комитетiнің
ақпараттық технологиялар басқармасы
бастығының орынбасары, хатшы
Қанешев - Қазақстан Республикасы
Бiржан Бисекенұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөнiндегi агенттігінiң төрағасы
Дәрiбаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Мұрат Амангелдiұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгi көлiк және телекоммуникация
секторларын реттеу жөнiндегi
департаментінің директоры
Шәріпов - Қазақстан Республикасы Экономика
Талғат Қайыркенұлы және бюджеттік жоспарлау
министрлiгiнің Салалық органдардың
шығыстарын жоспарлау департаментi
өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және
коммуникациялар басқармасының
бастығы
Тiнәлин - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Қанат Елеубекұлы министрлiгi Заңнама департаментiнің
заңға тәуелдi кесімдердi сараптау
басқармасы өндiрiстiк саланың заңға
тәуелдi кесімдерін сараптау
бөлімiнің бас маманы
Наурызов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Iлияс Зәкiрұлы қауіпсiздiк комитетi Үкiметтiк
байланысты қамтамасыз ету
орталығының басқарма бастығы
(келiсiм бойынша)
Жолдасбаев - Қазақстан Республикасының
Сансызбай Елеусiзұлы Статистика жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары.
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының қалааралық, халықаралық байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуға және телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзуге айрықша құқығының мерзiмiнен бұрын күшiн жоюға байланысты мәселелердi реттеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Осы өкiмнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр