1. Ғылымның жай-күйiн талдау және оның одан әрi дамуы мен ұйымдастырылуын жетiлдiру бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу мақсатында мынадай құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер
Александр Сергеевич Министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Жақсыбек Әбдiрахметұлы ғылым министрi, төрағаның орынбасары
Зейнуллин - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Әбдiкәрiм Әбжәлелұлы ғылым министрлiгi Ғылым департаментi
директорының орынбасары, хатшы
Әдекенов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Серғазы Мыңжасарұлы ғылым министрлiгi Биотехнологиялар
жөнiндегi ұлттық орталықтың бас
директоры
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Нұралы Сұлтанұлы ғылым вице-министрi
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Рахметқожа Iскендiрұлы ғылым министрлiгi Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетi биология
факультетiнiң деканы
Дәукеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Серiкбек Жүсiпбекұлы академиясының президентi
Женәлиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Мүвашерхан Танабайұлы ғылым министрлiгі Математика институты
директорының орынбасары
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмұрзаұлы сақтау министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Көпмағамбет Елемесұлы шаруашылығы министрлiгi Ғылым
департаментiнің директоры
Жәрменов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбдiрәсiл Алдашұлы және сауда министрлiгi Минералдық
шикiзатты кешендi өңдеу жөнiндегi
ұлттық орталықтың бас директоры
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Жолтаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Герой Жолтайұлы ғылым министрлiгi Қ.Сәтпаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң
проректоры
Ізбасаров - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дүйсебай Сайлаубайұлы шаруашылығы министрлiгi Тамақ және қайта
өңдеу өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк
орталығының директоры
Қадыржанов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Қайрат Камалұлы және минералдық ресурстар министрлiгi
Ұлттық ядролық орталық Ядролық физика
институтының директоры
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Кенжәлиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бақдәулет Кенжәлiұлы ғылым министрлiгi Металлургия және кен
байыту институтының директоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Төлеген Әбдiсағиұлы ғылым министрлiгi Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетiнiң ректоры
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Мәмбет Құлжабайұлы ғылым министрлiгi Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институтының
директоры
Рамазанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Тiлекқабыл Сәбитұлы ғылым министрлiгi Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетi
Эксперименталдық және теориялық физика
ғылыми-зерттеу институтының директоры
Өмiрбаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Уалбай Ұтмахамбетұлы ғылым министрлiгi Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетiнiң кафедра
меңгерушiсi
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi
2. Бiлiм және ғылым министрлiгi Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып белгіленсiн.
3. Ведомствоаралық комиссия:
1) бiр апта мерзiмде ғылыми-техникалық саланы жетiлдiру бағыттары, оның iшiнде: iргелi iзденiстер мен ғылыми-инновациялық қызметтi мемлекеттiк басқару жүйесi; ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру мен жүргiзудiң халықаралық тәжiрибесiн талдау, нормативтiк құқықтық базаны дамыту; ел экономикасы өндiрiстiк секторының ғылыми жетiстiктерiн тиiмдi игерудi қамтамасыз ету бойынша жұмыс топтарын қалыптастырсын;
2) бағыттар бойынша материалдарды дайындау әрi жүйелеу процесiнде ғылыми және өндiрiстiк ұйымдардың басшыларымен және мамандарымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелерiмен, ғылыми жұртшылықтың өкiлдерiмен аса маңызды ұсыныстарды талқылауды көздесiн;
3) жұмыс топтарының iстелген жұмысы туралы ақпарат белгiлi бiр кезеңде тыңдалсын;
4) ведомствоаралық комиссияға белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мемлекеттiк органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен өзге де ұйымдардың мамандарын сарапшы ретiнде тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген тәртiппен жұмыс топтарының мүшелерi мен ғылымның жай-күйiн талдау жөнiнде тартылған сарапшылар алдына қойылған мiндеттерді орындау үшiн қажеттi зерттеулердi жүргiзу үшiн Ғылым қорының қаражаты есебiнен ақы төлеу мүмкiндiгiн қарастырсын.
5. Ведомствоаралық комиссия 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін ғылымның одан әрi дамуы мен ұйымдастырылуын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
Премьер-Mинистр