Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiқ қызмет субъектiлерi туралы дереққор жасау проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 9-ө өкімі

      Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектілерi туралы дерекқор жасау проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:

      1. Ведомствоаралық жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:

Бейсембаев            - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Мұхтар Таңатұлы         сатып алу жөнiндегi агенттігi төрағасының
                        орынбасары, жетекшi

Баялиев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Рүстем Ахатханұлы       сауда министрлiгінiң Шағын бизнестi қолдау
                        жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары,
                        жетекшiнiң орынбасары

Қосдәулетов           - Қазақстан Республикасы Бас прокуратура.
Дулат Рашитұлы          сының Мемлекеттiк органдар қызметiндегi
                        заңдылықты қадағалау жөнiндегi департаменті
                        бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

Tұpaпoв               - Қазақстан Республикасы Бас прокуратура.
Әдiл Жүнiсбекұлы        сының Құқықтық статистика және арнайы
                        есепке алу жөнiндегi комитетiнiң талдау
                        жұмысы мен құқықтық реттеу басқармасының
                        бастығы (келiсiм бойынша)

Қалиев                - Қазақстан Республикасы Әдiлет министр.
Руслан Сұлтанұлы        лiгiнiң Заң департаментi заңдылықты
                        жүйелендiру бөлiмiнiң жетекшi маманы

Душаева               - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Айгүл Раульқызы         сатып алу жөнiндегi агенттiгi мониторингi
                        және талдау басқармасының бас маманы, хатшы

      2. Ведомствоаралық жұмыс тобы 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттiң базасында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi туралы дерекқор жасау проблемаларын кешендi шешу бойынша ұсыныстар енгiзсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады