Чех Республикасының Вице-Премьер-Министрi - Сыртқы iстер министрi Цырил Свободаның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 22-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 29-31 қаңтарда Астана қаласында Чех Республикасының Вице-Премьер-Министрi - Сыртқы iстер министрi Цырил Свободаның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мүдделi орталық және жергілiкті органдармен бiрлесiп, 2004 жылғы 29-31 қаңтарда Астана қаласында Чех Республикасының Вице-Премьер-Министрi  - Сыртқы iстер министрi Цырил Свободаның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      қосымшаға сәйкес Чех Республикасы делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге, соның iшiнде тұруға арналған 473565 (төрт жүз жетпiс үш мың бес жүз алпыс бес) теңге сомасындағы шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Чех Республикасының делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп, Чех Республикасының Вице-Премьер-Министрi - Сыртқы iстер министрiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсiн.

      5. Астана қаласының әкiмi Чех Республикасының делегациясын күтіп алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      6. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң 
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 22 өкiмiне    
қосымша      

Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн
орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету
жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+5) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Чех Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Чех Республикасы делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Чех Республикасының Вице-Премьер-Министрi - Сыртқы iстер министрi Цырил Свободаның құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады