Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі 2004 жылғы 26-27 ақпанда Астана қаласында Қазақстан-моңғол сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) үшінші отырысын өткізсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне Комиссияның үшінші отырысын өткізуге, соның ішінде моңғол делегациясы мүшелерінің тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 352500 (үш жүз елу екі мың бес жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр