2004 жылғы 3 сәуірде Астана қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі бірлескен топтың (бұдан әрі - Жоғары деңгейдегі топ) он бірінші мәжілістің өткізілуіне байланысты:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жоғары деңгейдегі топтың мәжілісіне қатысатын Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Украинаның делегациялары мүшелерінің қонақ үйде тұруына және тамақтануына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 1238400 (бір миллион екі жүз отыз сегіз мың төрт жүз) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы