Эстония Республикасының Президентi Арнольд Рюйтельдiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 159-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 1-3 маусымда Астана және Алматы қалаларында Эстония Республикасының Президентi Арнольд Рюйтельдiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегі протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Эстония Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және бизнес-форумды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келісiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Эстония Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Эстония Республикасы Президентiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Астана және Алматы қалаларының әуежайларына қонуын және ұшып шығуын;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары өкiлдерінің, кәсiпкерлерінің қатысуымен бизнес-форумды ұйымдастырсын.

      7. Алматы қаласының әкiмi:
      Эстония Республикасы Президентiнiң құрметiне қабылдау ұйымдастырсын;
      Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының кәсiпкерлерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" өткiзсiн;
      Эстония Республикасының делегациясы үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Эстония Республикасының делегациясы болатын жерлерде күтіп алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.

      9. Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы (келiсiм бойынша) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Эстония Республикасының Президентiн күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Эстония Республикасы Президентiнiң құрметіне Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.

      10. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2004 жылғы 28 мамырдағы
N 159 өкiмiне    
қосымша       

Эстония Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. 1+11 форматы бойынша Эстония Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Астана қаласында "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Риджент-Алматы" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" және "Риджент- Алматы" қонақ үйлерiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Эстония Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Эстония Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу кезiнде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан Эстония Республикасының Президентi Арнольд Рюйтельдiң құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Астана қаласында Қазақстан Республикасының және Эстония Республикасының iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен бизнес-форум өткiзу үшiн қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, микрофондарды, құлақшаларды жалға алуға және кеңсе заттары мен минералдық сусын алуға ақы төлеу.
      8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады