Бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауды күшейту жөнiндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 182-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, білiм беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй құрылысы салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды (бұдан әрi - бағдарламалық құжаттар) уақтылы iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
      1) бiр апта мерзімде бiрiншi басшылардың орынбасарлары iшiнен бағдарламалық құжаттардың iске асырылуы үшiн жауапты лауазымды адамдарды (бұдан әрi - жауапты адамдар), сондай-ақ iшкi бақылау үшiн жауапты адамдарды (бұдан әрi - лауазымды адамдар) белгiлесiн және тиiстi бұйрықтардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрi - Кеңсе) ұсынсын;
      2) жауапты адамдардың бағдарламалық құжаттарды iске асырудың тұрақты мониторингін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының уақтылы орындалуын лауазымды адамдардың бақылауын қамтамасыз етсiн.

      2. Кеңсе 2004 жылдың екiншi жарты жылдығында:
      1) Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiнің және орталық атқарушы органдардың қызметкерлерiнен тұратын, Кеңсе Өңiрлiк даму бөлiмiнің бас инспекторлары басқаратын бағдарламалық құжаттардың жергіліктi жерлерде орындалуын бақылау жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қалыптастыруды және өңiрлерге жiберудi практикаға енгiзсiн;
      2) Кеңсе Басшысының орынбасарларында жауапты адамдарды тыңдауды, ал қажет болған жағдайда әрi лауазымды адамдарды тыңдауды ұйымдастырсын, олардың нәтижелерi бойынша Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың отырыстарында немесе Yкiметтiң отырыстарында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкiмдерiн және орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларының есептерiн, сондай-ақ тиiстi адамдардың жауапкершiлiгі туралы тыңдау туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      3) бағдарламалық құжаттардың, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының iске асырылуы үшiн жауапты орталық атқарушы органдар құрылымдық бөлiмшелерінің басшыларын Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiне шақыруды әрi тыңдауды практикаға енгiзсiн.

      3. Орталық атқарушы органдар Кеңсенің талап етуi бойынша бағдарламалық құжаттардың жергiлiктi жерлерде орындалуын бақылау жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамына енгізу үшiн мамандар бөлудi қамтамасыз етсiн.

      4. Кеңсе Басшысы осы өкiмнің орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады