Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық жұмыс тобының алтыншы мәжiлiсiнiң хаттамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы (Париж қаласы, 2004 жылғы 10 наурыз)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 185-ө өкімі

      2004 жылғы 10 наурызда Париж қаласында өткiзiлген Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкіметаралық жұмыс тобының алтыншы мәжiлiсiнiң барысында қол жеткiзiлген уағдаластықты iске асыру және қазақстан-француз ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық жұмыс тобының алтыншы мәжiлiсiнiң хаттамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (Париж қаласы, 2004 жылғы 10 наурыз) (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Жоспардың орындалу барысы туралы кемiнде тоқсанына бiр рет Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2004 жылғы 21 маусымдағы 
N 185 өкімімен       
бекiтiлген         

  Қазақстан-француз экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық жұмыс тобының алтыншы мәжiлiсiнiң хаттамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
(Париж қаласы, 2004 жылғы 10 наурыз)

___________________________________________________________________
N |   Іс-шараның атауы     |Орындалу мерзiмi|Жауапты орындаушылар
p/c|                        |                |
___________________________________________________________________
1               2                 3                  4
___________________________________________________________________
1  ANVAR француз агенттігі.   2004 жыл бойы   Қазақстан Республика.
   мен (Ғылыми зерттеулердiң                  сының Индустрия және
   нәтижелерін өндірісте                      сауда министрлiгi,
   қолдану жөніндегі ұлттық                   "Ұлттық инновациялық
   агенттiк) ғылыми-техника.                  қор" АҚ (келiсiм
   лық, индустриалдық және                    бойынша)
   коммерциялық байланыстар.
   ды құру мен дамыту және
   ақпарат алмасу саласында.
   ғы ынтымақтастық мәселе.
   сін пысықтау

2  "Ұлттық инновациялық қор"  2004 жыл бойы   "Ұлттық инновациялық
   АҚ және француз компания.                  қор" АҚ (келiсiм
   ларымен: Венчурлiк капи.                   бойынша)
   талдың Мемлекеттiк Қоры
   (Fonds Public pour le
   Capital Risque), BEI-CDC
   венчурлiк капитал қоры
   (Fonds BEI-CDC Public
   pour le Capital Risque),
   венчурлiк капиталды
   пайдалануға ықпал ету
   қоры арасындағы венчурлiк
   қаржыландыру саласында
   тәжiрибе алмасу мәселесiн
   пысықтау

3  "Стейн Хертей" компания.   2004 жыл бойы   Қазақстан Республика.
   сының Қостанай қаласында                   сының Индустрия және
   шыны зауытының құрылысын                   сауда министрлiгi,
   салуға қатысу мәселесiн                    "Қазақстанның
   қарастыру                                  инвестициялық қоры"
                                              АҚ (келiсiм бойынша)

4  Ет-сүт, астық өнiмдерiн    2004 жылғы      Қазақстан Республика.
   терең қайта өңдеу; ауыл    II жартыжылдық  сының Ауыл шаруа.
   шаруашылық жануарларының                   шылығы министрлiгi
   тектiк қорын жақсарту
   және ирригациялық жүйе.
   лердi басқаруды жетiлдiру
   саласында француз және
   қазақстан кәсiпорындары.
   ның ынтымақтастық мүмкiн.
   дiгiн пысықтау

5  Астана - Париж бағыты      2004 жылғы      Қазақстан Республика.
   бойынша тiкелей әуе        II жартыжылдық  сының Көлiк және
   қатынасын ашу мәселесiн                    коммуникациялар
   пысықтау;                                  министрлiгi, "Эйр
   Қазақстан тарабы ұсынған                   Астана" ЖАҚ (келiсiм
   Қазақстан Республикасы мен                 бойынша)
   Француз Республикасы ара.
   сындағы әуе қатынасы
   туралы келiсiмнiң жобасы
   бойынша француз тарабының
   ескертулерiн қарау және
   қажет болған жағдайда
   келiссөздер өткiзу

6  Жабдықтау және жаңғырту    2004 жыл бойы   Қазақстан Республика.
   жөнiндегі бiрқатар жоба.                   сының Көлiк және
   ларға мүдделiлiк танытқан                  коммуникациялар
   "Талес" және "Сажем"                       министрлiгi, Қазақ.
   компанияларының ұсыныс.                    стан Республикасының
   тарын қарау                                Қорғаныс министрлігі

7  "Транс Лор" компаниясы     2004 жылғы      Алматы қаласының
   iске асыратын Алматы       II жартыжылдық  әкiмдiгi
   қаласындағы трамвай желiсi
   құрылысының жобасын қаржы.
   ландыру туралы мәселенi
   пысықтау

8  Телекоммуникация секторын  2004 жыл бойы   "Қазақтелеком" ААҚ
   ырықтандыру саласындағы                    (келiсiм бойынша)
   практикалық тәжiрибенi
   зерттеу

9  Француз тарабының оқыту    2004 жыл бойы   Қазақстан Республика.
   семинарларын өткiзу арқылы                 сының Индустрия және
   модельдi бизнес саласын.                   сауда министрлігі
   дағы ынтымақтастық
   мүмкіндігін пысықтау

10 Екi жақты институционалдық 2004 жыл бойы   Қазақстан Республика.
   және әкімшілік ынтымақтас.                 сының Табиғи монопо.
   тықты дамыту үшiн маңызды                  лияларды реттеу және
   сала болып табылатын бәсе.                 бәсекелестікті қорғау
   келестiк саясат саласын.                   жөнiндегi агенттігі
   дағы атап айтқанда, мемле.
   кеттiк қызметшілердi
   кәсіби даярлау мен заңна.
   малық және нормативтік
   актiлердi дайындау мәселе.
   лерiндегі ынтымақтастық
   мүмкiндiгін пысықтау

11 Қазақстан Республикасының  2004 жылғы      Қазақстан Республика.
   Yкiметі мен Француз Респу. II жартыжылдық  сының Туризм және
   бликасы Үкiметінің арасын.                 спорт жөнiндегі
   дағы туризм саласындағы                    агенттігі
   ынтымақтастық туралы
   келiсiмге қол қою
   мәселесiн пысықтау

12 "Экономикалық ынтымақтас.  2004 жылғы      Қазақстан Республика.
   тық жөнiндегі қазақстан -  II жартыжылдық  сының Сыртқы iстер
   француз үкiметаралық                       министрлiгi
   жұмыс тобы" деген атауды
   "Экономикалық ынтымақтас.
   тық жөнiндегi қазақстан -
   француз үкiметаралық
   комиссиясы" деп өзгерту
   мәселесін қарастыру
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады