1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 15 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 225 өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 15 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық кесімдерінің
тізбесі
___________________________________________________________________
Р/c | Нормативтік құқықтық | Орындалу | Орындалуына
N | кесімдердің атаулары | мерзімі | жауапты
| | | мемлекеттік
| | | орган
___________________________________________________________________
1. Төтенше жағдайлардың 2004 ж. ТЖА
топтамасын бекіту туралы қазан
2. Төтенше жағдайларды жою 2004 ж. ТЖА
басшысының өкілеттіктері қазан
туралы ережені бекіту туралы
3. Кәсіби авариялық-құтқару 2004 ж. ТЖА
құрамаларын жарақтандырудың қазан
және кинологиялық қызметті
қамтамасыз етудің
нормаларын бекіту туралы
4. Кәсіби және ерікті авариялық- 2004 ж. ТЖА
құтқару қызметтері мен қазан
құрамаларының құтқарушыларын
құтқару және шұғыл жұмыстарды
жүргізу кезеңінде тамақ
өнімдерімен қамтамасыз
етудің нормаларын бекіту
туралы
___________________________________________________________________