Чех Республикасының Президентi Вацлав Клаустың Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 250-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 8-10 қыркүйекте Алматы қаласында Чех Республикасының Президентi Вацлав Клаустың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларғa көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;
      2004 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды және Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының iскер топтары өкiлдерінiң қатысуымен дөңгелек үстелдi өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Чех Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгін, жүретін бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Чех Республикасының Президентi Вацлав Клаустың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Алматы қаласының әуежайына қонуын және ұшып шығуын;
      Алматы қаласының әуежайында Чех Республикасы Президентiнiң арнайы ұшағына техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Алматы қаласының әкiмi Чех Республикасының делегациясы баратын жерлердегi күтiп алу және шығарып салу, сондай-ақ Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары, iскер топтары өкiлдерiнiң қатысуымен дөңгелек үстелдi ұйымдастырсын.

      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Алматы қаласының әуежайында Чех Республикасының Президентi Вацлав Клаусты күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын және Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрiнiң    
2004 жылғы 7 қыркүйектегi
N 250 өкiмiне      
қосымша         

Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. 1+11 форматы бойынша Чех Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн Алматы қаласында орналастыру ("Риджент - Алматы" қонақ үйi), тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Риджент - Алматы" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      4. Чех Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Чех Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Чех Республикасының Президентi Вацлав Клаустың құрметiне Алматы қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыру.
      7. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасының iскер топтары өкілдерiнiң қатысуымен дөңгелек үстелдi өткiзуге қажеттi залды, слайд-проекторды, компьютердi, iлеспе аудармаға арналған жабдықтарды, микрофондарды, құлақшаларды жалға алуға және кеңсе заттары мен минералдық сусын алуға ақы төлеу.
      8. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады