Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 19-20 қыркүйекте Астана қаласындағы Корея Республикасының Президентi Ро My Хенның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында (бұдан әрi - сапар):
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
қосымшаға сәйкес Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiнде қажетті шараларды қабылдасын;
2004 жылға арналған республикалық бюджетте "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Корея Республикасының Президентi Ро My Хенның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін, Корея Республикасының Президентi Ро Му Хенның сұхбатын және баспасөз конференциясын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi Корея Республикасының делегациясын күтiп алу және шығарып салу, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Корея Республикасының Президентi Ро My Хенды күтіп алу мен шығарып салу, "Отан қорғаушылар" монументiне гүл шоқтарын қою рәсiмдерiне қатыссын, Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 17 қыркүйектегi
N 273 өкiмiне
қосымша
Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету жөнiндегi ұйымдастыру шаралары
1. Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелерiн (1+1+10) және бiрге жүретiн адамдарды Астана қаласында орналастыру ("Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне), тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйiне орналастыру.
3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
4. Корея Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
5. Корея Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
6. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың атынан Корея Республикасының Президентi Ро My Хенның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдауды ұйымдастыру.
7. Ресми делегация мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.