"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ақпарат, тәжірибе және әдістермен алмасу" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өткізілуіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден шақырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың жол жүруіне және 2004 жылғы 25-26 қараша кезеңінде Астана қаласында қонақ үйде тұруына ақы төлеу үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 3103670 (үш миллион бір жүз үш мың алты жүз жетпіс) теңге сомасында қаражат бөлсін.
Премьер-Министр