Ресей Федерациясының Федералды Жиналысы Мемлекеттiк Думасының Төрағасы Борис Вячеславович Грызловтың басшылығымен Ресей делегациясының Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 359-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2004 жылғы 8-9 желтоқсанда Астана қаласында Ресей Федерациясының Федералды Жиналысы Мемлекеттiк Думасының Төрағасы Борис Вячеславович Грызловтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      сапарды дайындау және өткiзу жөніндегi протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсiн;
      сапарды өткiзуге, оның iшiнде қонақ үйде тұруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 317463 (үш жүз он жетi мың төрт жүз алпыс үш) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Парламентiнің Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) қосымшаға сәйкес Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн орналастыру, оларға көлiктiк қызмет көрсету және қабылдау жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Ресей Федерациясының ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайдағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, Ресей Федерациясының Федералды Жиналысы Мемлекеттiк Думасының Төрағасы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі:
      Қазақстандағы Ресей жылын салтанатты түрде жабуға арналған Гала-концерт өткiзудi;
      сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсін.

      6. Астана қаласының әкiмi Ресей Федерациясының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу, сондай-ақ Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн, Ресей Федерациясының делегациясы үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырсын.

      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында Ресей Федерациясының Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасын күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттiк Думасы Төрағасының құрметiне қабылдау кезiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының атынан концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      8. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсін.

      Премьер-Mинистр

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің     
2004 жылғы 8 желтоқсандағы 
N 359-ө өкiмiне қосымша  

Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн
орналастыру, оларға көлiктiк қызмет көрсету және
қабылдау жөнiндегi ұйымдастыру шаралары

      1. Ресей Федерациясы ресми делегациясының мүшелерiн 1+6 форматы бойынша Астана қаласында орналастыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн "Окан Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiнде орналастыру.
      3. Ресей Федерациясы ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      4. Ресей Федерациясының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу кезiнде Астана қаласының әуежайында шай дастарқанын ұйымдастыру.
      5. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi Төрағасының атынан ресми қабылдау ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан түскi ас ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады