Шаруашылық жүргiзу құқығына негізделген мемлекеттік кәсiпорындар қызметінің кейбiр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4-ө Өкімі

      Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттік кәсіпорындарды олардың экономикалық орындылығы мен тиiстілігі мәнiне, сондай-ақ олардың құрылу заңдылығына тексерiс ұйымдастыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Әділет, Индустрия және сауда министрлiктерi өкілдерiнің қатарынан жұмыс топтары құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау (шақыру), Қаржы, Әдiлет, Индустрия және сауда министрлiктерi жұмыс топтары мүшелерінің кандидатураларын белгілесiн және олардың құрамын қалыптастырсын.

      3. Жұмыс топтары ағымдағы жылдың 20 қаңтары - 5 наурызы кезеңiнде қоса беріліп отырған кестеге сәйкес өңiрлерге шыға отырып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсіпорындарға олардың экономикалық орындылығы мен тиiмділігі мәнiне, сондай-ақ олардың құрылу заңдылығына тексерiс жүргiзсiн және нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндасын.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейiн шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылуына, қызметiне қатысты қажетті материалдарды дайындау жөнiнде шаралар қабылдасын және оларды жұмыс топтарының мүшелеріне қарауға ұсынсын.

      5. Жүктелген мiндеттердi орындау үшiн жұмыс топтарына жергілiктi атқарушы органдардан және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен қызықтыратын мәселелер бойынша қажеттi ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар алу, сондай-ақ белгіленген тәртiппен тиiстi мамандарды жұмысқа тарту құқығы берілсiн.

      6. Жұмыс тобы мүшелерінің қызметтiк iссапарларын өтеу мемлекеттiк органдардың iссапар шығыстарына көзделген қаражаты есебiнен жүргізілсін.

      7. Жұмыс топтарының жұмысын үйлестiру Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне жүктелсiн.

      8. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрiнің   
2005 жылғы 12 қаңтардағы 
N 4-ө өкiмiне     
қосымша        

      Жұмыс топтарының тексерiстер жүргiзу кестесi

Жұмыс тобының нөмiрi

Тексерiс өңiрi

Тексерiс мерзiмi

1-жұмыс тобы

Астана қаласы

20.01.05 - 30.01.05 ж.ж.

Ақмола облысы

31.01.05 - 09.02.05 ж.ж.

Қостанай облысы

10.02.05 - 20.02.05 ж.ж.

Солтүстiк Қазақстан
облысы

21.02.05 - 03.03.05 ж.ж.

2-жұмыс тобы

Алматы қаласы

20.01.05 - 30.01.05 ж.ж.

Жамбыл облысы

31.01.05 - 09.02.05 ж.ж.

Оңтүстiк Қазақстан
облысы

10.02.05 - 20.02.05 ж.ж.

Қызылорда облысы

21.02.05 - 03.03.05 ж.ж.

3-жұмыс тобы

Ақтөбе облысы

20.01.05 - 30.01.05 ж.ж.

Батыс Қазақстан облысы

31.01.05 - 09.02.05 ж.ж.

Атырау облысы

10.02.05 - 20.02.05 ж.ж.

Маңғыстау облысы

21.02.05 - 03.03.05 ж.ж.

4-жұмыс тобы

Қарағанды облысы

20.01.05 - 30.01.05 ж.ж.

Павлодар облысы

31.01.05 - 09.02.05 ж.ж.

Шығыс Қазақстан облысы

10.02.05 - 20.02.05 ж.ж.

Алматы облысы

21.02.05 - 03.03.05 ж.ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады