2005 жылғы 21 - 22 ақпан кезеңiнде Алматы қаласында Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық жөнiндегі Ислам Конференциясы Ұйымы Тұрақты комитетiнiң Бас Ассамблеясы Атқарушы комитетiнiң (бұдан әрi - COMSTECH Атқарушы комитетi) 23-мәжiлiсiнiң өткiзiлуiне байланысты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгіне COMSTECH Атқарушы комитетінiң мәжiлiсiн өткiзуге, оның iшiнде делегация мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына және тамақтануына, халықаралық және электрондық байланысқа 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 6315000 (алты миллион үш жүз он бес мың) тeңге сомасында қаражат бөлсiн.
Премьер-Министр