Астана қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеу күндерiндегi салтанатты iс-шараларға республика өңiрлерiнiң соғыс ардагерлерi делегацияларының қатысуын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес республика өңiрлерiнiң соғыс ардагерлерi делегацияларына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар (келiсiм бойынша) бекiтiлiп берiлсiн.
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келiсiм бойынша) делегацияларды қарсы алулар мен шығарып салуларды, мәдени бағдарламаны, оларға медициналық, көлiктiк қызмет көрсетулердi, тамақтандыруды ұйымдастырсын, сондай-ақ олардың Астана қаласында барлық болу кезеңiнде қонақ үйлерде тұруы үшiн жағдай жасасын.
3. Республика өңiрлерiнiң соғыс ардагерлерi делегацияларын қаржылай қамтамасыз ету тиiстi мемлекеттiк мекемелерге - бағдарламалардың әкiмшiлерiне оларды ұстауға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ осы өкiмнiң 1-тармағына сәйкес республика өңiрлерiнiң соғыс ардагерлерi делегациялары бекiтілiп берiлген өзге де ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 16 наурыздағы
N 52-ө өкiмiне қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының соғыс
ардагерлерi делегацияларына мемлекеттiк органдар
мен өзге де ұйымдарды бекiтiп беру
P/c |
Қалалар мен облыс- |
Соғыс ардагерлерi делегацияларына |
1. |
Ақмола облысы |
Қазақстан Республикасы Еңбек |
2. |
Ақтөбе облысы |
Қазақстан Республикасы |
3. |
Алматы облысы |
Қазақстан Республикасы |
4. |
Атырау облысы |
"Қазмұнайгаз" ұлттық мұнай-газ |
5. |
Шығыс Қазақстан облысы |
Қазақстан Республикасы |
6. |
Жамбыл облысы |
Қазақстан Республикасы |
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
Қазақстан Республикасы |
8. |
Қарағанды облысы |
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық |
9. |
Қостанай облысы |
Қазақстан Республикасы Көлiк |
10. |
Қызылорда облысы |
Қазақстан Республикасы |
11. |
Маңғыстау облысы |
"Қазмұнайгаз" ұлттық мұнай-газ |
12. |
Павлодар облысы |
Қазақстан Республикасы |
13. |
Солтүстiк Қазақстан |
Қазақстан Республикасы |
14. |
Оңтүстiк Қазақстан |
Қазақстан Республикасының Табиғи |
15. |
Алматы қаласы |
Қазақстан Республикасы |