2005 жылғы 23 - 25 наурыз кезеңiнде Астана қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесiнiң үкiмет басшылары деңгейiндегi он екiншi мәжiлiсiн (бұдан әрi - мәжiлiс) дайындау және өткiзу үшін:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi мәжiлiстi дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз eтciн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
1-қосымшаға сәйкес Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы делегацияларының (бұдан әрi - делегациялар) мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен мәжiлiстi өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) делегациялар мүшелерiнiң Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгі белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, делегациялардың басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мәжілісінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуiн қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының әкiмi делегацияларды қарсы алу және шығарып салу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiнiң безендiрiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана қаласының әуежайында делегациялардың басшыларын күтiп алу мен шығарып салу рәсiмiне қатыссын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми қабылдаулар кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Делегацияларға қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының министрлiктерi бекiтiлiп берiлсiн.
9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 17 наурыздағы
N 54-ө өкiмiне
1-қосымша
Делегациялар мүшелерiне қызмет көрсету жөнiндегi
ұйымдастыру шаралары
1. Ресми делегациялар мүшелерiн 1+6 форматы бойынша Астана қаласының қонақ үйлерiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн делегациялардың басшылары орналасқан жерлерге орналастыру.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, делегациялар басшыларының қатысуымен екi жақты кездесулер, сондай-ақ шағын және кеңейтiлген құрамдағы мәжiлiстер өткiзу үшiн залдарды жалға алу.
4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
5. Делегациялардың басшылары үшiн сыйлықтар және кәдесыйлар сатып алу.
6. Делегацияларды Астана қаласының әуежайында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың атынан ресми қабылдаулар ұйымдастыру ("Ла Ривьера" мейрамханасы және "Окан Интерконтиненталь - Астана" қонақ үйi).
8. Ресми делегациялар мүшелерiне және олармен бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2005 жылғы 17 наурыздағы
N 54-ө өкiмiне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерiн
делегацияларға бекiтiп беру
Беларусь Республикасы |
Қаржы министрлiгi (А.Ғ. Дунаев) |
Қырғыз Республикасы |
Ауыл шаруашылығы министрлiгi |
Ресей Федерациясы |
Көлiк және коммуникация |
Тәжiкстан Республикасы |
Энергетика және минералдық |