Қырғыз Республикасымен энергетикалық проблемаларды реттеу үшiн ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 89-ө Өкімі

      Қырғыз Республикасымен энергетикалық проблемаларды реттеу мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрi - жұмыс тобы) құрылсын:

Школьник                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич         және минералдық ресурстар министрi,
                           жетекшi

Онжанов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Нұрлан Баймолдаұлы         министрiнiң орынбасары, жетекшiнiң
                           орынбасары

Рябцев                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич        шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары
                           комитетiнiң төрағасы

Сұлтанғалиев             - "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамының
Серiк Сұлтанғалиұлы        бас директоры (келiсiм бойынша)

Әбiтаев                  - "KEGOC" ашық акционерлiк қоғамының
Есберген Әбiтайұлы         вице-президентi (келiсiм бойынша)

Андрющенко               - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк
Александр Иванович         қоғамының вице-президентi (келiсiм
                           бойынша)

Солюлев                  - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы"
Александр Анатольевич      жабық акционерлiк қоғамының
                           вице-президентi (келiсiм бойынша)

      2. Жұмыс тобы:
      2005 жылғы 18 сәуiрде қырғыз тарабымен энергетика проблемаларын реттеу жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн;
      келiссөздер нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады