Таиланд Корольдігінiң ханшайымы Маха Чакри Сириндорнның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 91-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайту және 2005 жылғы 17 - 20 сәуiрде Астана, Алматы қалалары мен Оңтүстiк Қазақстан облысында Таиланд Корольдiгiнiң ханшайымы Маха Чакри Сириндорнның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі сапарды дайындау және өткiзу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша):
      қосымшаға сәйкес Таиланд Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiне қызмет көрсету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметiн қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бюджеттiк бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебiнен сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiнiң әуежайлардағы, тұратын және болатын орындарындағы қауiпсiздігін, жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен және Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп, Таиланд Корольдiгi ханшайымының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстiнен ұшып өтуiн, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көpceтудi, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Таиланд Корольдігі ресми делегациясының Астана қаласындағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде және Алматы қаласындағы халықаралық "Мирас" мектебiнде болуын ұйымдастырсын.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Астана, Алматы қалаларының және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдерi Таиланд Корольдiгiнiң делегациясын қарсы алу және шығарып салу, баратын жерлерiнде олармен бiрге жүру, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру, сондай-ақ мәдени бағдарлама мен ресми қабылдауларды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында Таиланд Корольдiгiнiң ханшайымын қарсы алу және шығарып салу салтанатына қатыссын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан қабылдау кезiнде концерттiк бағдарлама ұйымдастырсын.

      9. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң  
2005 жылғы 15 сәуiрдегi
N 91-ө өкiмiне    
қосымша        

  Таиланд Корольдiгi ресми делегациясының мүшелерiне
қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары

      1. 1+10 форматы бойынша Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясы мүшелерiн Астана қаласында "Интерконтиненталь" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Риджент Анкара" қонақ үйiне және Шымкент қаласында "Кема" қонақ үйiне орналастыру, тамақтандыру және оларға көлiктiк қызмет көрсету.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн Астана қаласында "Интерконтиненталь" қонақ үйiне, Алматы қаласында "Риджент Анкара" қонақ үйiне және Шымкент қаласында "Кема" қонақ үйiне орналастыру.
      3. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттiк карталар, қабылдауға шақыруларға) дайындау.
      4. Таиланд Корольдігі ресми делегациясының басшысы мен мүшелерi үшiн сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.
      5. Таиланд Корольдiгiнiң ресми делегациясын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу кезiнде шай дастарханын ұйымдастыру.
      6. Қазақстан Республикасы Президентi атынан Таиланд Корольдiгi ханшайымының құрметiне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру.
      7. Таиланд Корольдiгi ресми делегацияның мүшелерiне және бiрге жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады