"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 113-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгізсін.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                            2005 жылғы 6 мамырдағы
                                                N 113-ө өкiмiмен
                                                   бекiтілген

    "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi
     туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
      мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                     кесімдердiң тiзбесi

Р/с
N

Нормативтік-құқықтық
кесiмнің атауы

Кесiмнiң
нысаны

Орындалу
мерзiмi

Орындалуына
жауапты
мемлекеттiк
орган

1

2

3

4

5

1

Материалдық қорлармен жабдықтау нормаларын және олардың санаттарын бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметiнiң
қаулылары

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi
(шақыру), ІІМ,
ТЖМ, ҰҚК
(келiсiм
бойынша), РҰ
(келiсiм
бойынша), ПКҚ
(келiсiм
бойынша)

2

Әскери-көлiк
мiндеттілiк туралы
ереженi бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi
(шақыру),
ККM, IIM

3

Жергіліктi әскери
басқару органдары
туралы ереженi бекiту
туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi

4

Әскери мүлiктi есепке
алу және есептен
шығару ережесiн
бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi

5

Қарулы Күштердiң спорт
саласында маманданды-
рылған мемлекеттік
мекемелерiнiң,
өздерiнiң жарғылық
мақсатына сәйкес
келетiн және негiзгі
қызметiне жатпайтын
қызметтер көрсету
және мұндай қызмет-
тердi iске асырудан
түскен ақшаны
пайдалану тәртiбiн
айқындайтын ереженi
бекiту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi

6

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр
кесiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар
енгiзу туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкiметiнiң
қаулысы

2005
жылғы
маусым

Қорғанысминi

      Ескерту: реттік нөмiрi 1-жолды iске асыру материалдық
қорлармен жабдықтаудың барлық нормалары және санаттары бойынша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген қаулыларын бекiту
жолымен жүзеге асырылатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      IIМ - Ішкi iстер министрлiгі
      Қорғанысминi - Қорғаныс министрлiгi
      ККМ - Көлiк және коммуникация министрлiгi
      ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі
      ҰҚК - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
      РҰ - Республикалық ұлан
      ПКҚ - Президенттің күзет қызметі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады