2005 жылғы 25-27 мамырдағы Алматы қаласындағы Ақпаратқа кiру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткiзу туралы конвенция тараптарының Екiншi конференциясын (бұдан әрi - Opхусс конвенциясы) дайындау мен өткiзудi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне Орхусс конвенциясы Хатшылығының алты мүшесiнiң (бұдан әрi - делегация) қонақ үйде тұруына және Женева - Алматы - Женева бағыты бойынша көлiктiк шығыстарына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 4742611 (төрт миллион жетi жүз қырық екi мың алты жүз он бiр) теңге сомасында толық көлемде қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi конференцияның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Алматы қаласының әкiмi делегацияны қарсы алу және шығарып салу, Алматы қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру, мәдени бағдарлама ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкiмнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Mинистр