Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi - КААЖ) құруға және дамытуға республикалық бюджеттен бөлiнген бюджет қаражатының жұмсалуы жөнiнде, сондай-ақ функционалдық кiшi жүйелер (құрауыштар) бөлiнiсiнде техникалық тапсырмаға КААЖ-дың нақты жай-күйiнiң сәйкестiгiне тексеру жүргiзу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Тiлеубердин - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Алтай Абылайұлы Кеңсесiнiң Басшысы, жетекшi
Eceкeeв - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы және байланыс агенттiгi төрағасының
орынбасары, жетекшiнiң орынбасары
Жайлаубаева - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әсия Сейiтжапарқызы және байланыс агенттiгi басқарма
бастығының орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әмiржан Нұрышұлы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi
төрағасының орынбасары
Мәмбеталин - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әлихан Есенғосұлы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi
төрағасының орынбасары
Байшолақов - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Алмат Мұратұлы Заңға тәуелдi кесiмдер департаментiнiң
директоры
Акаев - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Магомед Магомедзапирович Мемлекеттiк органдар қызметiнiң
заңдылығын қадағалау департаментiнiң
басқарма бастығы (келiсiм бойынша)
Кенжалиев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Мәлiк Сәбитұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
Сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу
және олардың алдын алу департаментiнiң
аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторы
(келiсiм бойынша)
Пшеничников - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Владимир Иванович Кедендiк бақылау комитетi ақпараттық
технологиялар басқармасының бастығы
Қоңқашева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Гүлжан Махметқызы Кедендiк бақылау комитетiнiң ақпараттық
технологиялар басқармасы бастығының
орынбасары
Токун - Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi
Сергей Борисович Сот сараптамасы орталығының жетекшi
сарапшысы
Исин - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Нұрлан Құрманғалиұлы акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
2. Жұмыс тобы бiр ай мерзiмде мыналар:
КААЖ-ды оның функционалдық кiшi жүйелерi (құрауыштары) бөлiнiсiнде құруға және дамытуға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы;
КААЖ-ды оның функционалдық кiшi жүйелерi (құрауыштары) бөлiнiсiнде құруға және дамытуға жүргiзiлген шығыстардың тиiмдiлiгi, уақтылылығы, сапасы мен нәтижелілiгi өлшемдерiн қолдана отырып, республикалық бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) атқарылуы;
функционалдық кішi жүйелер (құрауыштар) бөлiнiсiнде КААЖ-дың нақты жай-күйiнің техникалық тапсырмаға сәйкестігi жөнiнде қорытынды дайындасын.
Премьер-Министр